Құрметті клиенттер!
Біз Altyn-i цифрлық банкін бұрынғыдан да ыңғайлырақ еткенімізді, жаңа сервистер, қызметтер қосқанымызды, интерфейсті жаңартқанымызды қуана хабарлаймыз. Өтінеміз, ұялы қолданбаны Google Play-де соңғы нұсқасына дейін жаңартып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар.
Google Play-де Android құрылғыларының кейбір пайдаланушыларында смартфондағы кез келген қолданбаны «жаңарту» түймесі жоқ болатын жағдайлар мәлім.
Негізгі себептері
- Қолданбаны apk файлынан қолмен орнату;
- Android қолданбасының жаңартылмаған нұсқасы (смартфон өндірушісі ұсынған қолжетімді жаңарту бола тұра);
- Google Play сервисінің жаңартылмаған нұсқасы (смартфонда Android жүйесі үшін жаңарту қолжетімді бола тұра);
- Смартфон жадысы жеткіліксіз.
-
- Android құрылғысында «Баптауларды» ашыңыз
- «Қолданбалар» бөлімін тауып, Altyn-i қолданбасын таңдаңыз
- «Кэшті тазарту» және «Деректерді тазарту» түймесін басып, әрекетті растаңыз
Altyn-i қолданбасын тағы бір рет жаңартып көріңіз
Смартфоныңыздан Altyn-i қолданбасын жойыңыз
«Жою» түймесін басып, әрекетті растаңыз
Android құрылғысын өшіріп, қайта қосыңыз
Altyn-i қолданбасын Google Play Маркеттен қайтадан тауып, оны қайта орнатыңыз
Қолданбаны тағы бір рет жаңартып көріңіз
Төмендегі қадамдарды орындау арқылы Google Play Store қолданбасының кэшін тазалап көріңіз:
- «Баптаулар» > «Қолданбалар мен хабарламалар» > «Қолданба туралы ақпарат» (немесе «Барлық қолданбаларды көру») > «Google Play Маркет» > «Қойма мен кэш» өтіп, «Кэшті тазарту» түймесін басыңыз
Play Store кэшін тазартқаннан кейін қолданбаны тағы бір рет жаңартып көріңіз. Мәселе шешілмесе, Play Store қолданбасының баптауларына қайта оралып, «Қойманы тазарту» түймесін басыңыз.
Егер Altyn-i Light қолданбасын бұрын орнатқан болсаңыз, оны да құрылғыңыздан жою керек.
- Android құрылғысында «Баптаулар» бөлімін ашыңыз
- «Қойма» немесе «Қойма және USB» бөлімін тауып, құрылғыдағы қолжетімді бос орынды тексеріңіз
- Құрылғыда бос орын жеткіліксіз болса, қажетсіз файлдарды, фотосуреттерді, бейнелерді және т.б. жойыңыз.
- Android құрылғысында «Баптаулар» бөлімін ашыңыз
- «Телефон туралы» немесе «Планшет туралы» бөлімін тауып, «Бағдарламалық қамсыздандыруды жаңарту» пәрменін таңдаңыз
- Операциялық жүйенің соңғы нұсқасы бар-жоғын тексеріп, бар болса, орнатыңыз
- Android құрылғысында «Баптаулар» бөлімін ашыңыз
- «Қолданбалар» бөлімін тауып, «Google Play Маркет» таңдаңыз
- Google Play сервистерінің соңғы нұсқасын тексеріп, бар болса, орнатыңыз
- Android құрылғысында «Баптаулар» бөлімін ашыңыз
- «Пайдаланушылар» немесе «Ата-аналық бақылау» бөлімін тауып, өз профиліңізді таңдаңыз
- Қолданбаларды орнатуға немесе жаңартуға қандай да бір шектеулердің бар-жоғын тексеріп, бар болса, оларды жойыңыз
- Android құрылғысында «Баптаулар» бөлімін ашыңыз
- «Тіркелгілер» бөлімін тауып, Google тіркелгісін таңдаңыз
- Тіркелгінің жұмыс істеп тұрғанына және аутентификация жағынан ешбір мәселе жоқ екеніне көз жеткізіңіз
- Google Play Маркет дүкенінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз
- Google Play Маркетті ашып, басқа бір қолданбаны жүктеп немесе жаңартып көріңіз
- Егер мәселе шешілмесе, құрылғыны өшіріп, қайта қосып, тағы бір рет көріңіз
Bluetooth өшіріп, смартфонды өшіріп, қайта қосып, қолданбаны жаңартып көріңіз.