Altyn-i
Болашақтың банкі.
Сенің Банкің.

Сенің болашақ жайлы көзқарасыңа
жауап беретін банк.

Болашақтың банкі

Онлайн-қызмет көрсету

Бірінші кезекте біз клиенттің уақытын бағалаймыз. Саған енді банкке бару үшін, жұмыстан сұранудың қажеттілігі жоқ. Ендігі кезекте банктің барлық қызметтері онлайн режимде қол жетімді. Тіркелудің жеңіл жолы және кез-келген қызметке тапсырыс беру небәрі 7 минутқа дейін жүзеге асырылады.

Тиімді ұсыныстар

Altyn-i төмен тарифтер мен тиімді пайыздармен несие алу мүмкіндігін ұсынады. Себебі банктің бөлімшелері жоқ, барлық банк қызметтері онлайн режимде. Саған ең ыңғайлы шарттарды ұсыну үшін біз артық шығындарды қысқарттық.

Әмбебап қызмет көрсету

Жұмыста біз бір принципті ұстанамыз - барлық процестер оңай және түсінікті, барлық қызметтер тек қана онлайн. Шет елге ақшалай аударым ұялы телефон арқылы. Үйден шықпай несие алу 7 минут ішінде. Банктің қосымшасы әр жақты және өте ыңғайлы. Барлық банк қызметтері онлайн режимде.

Тарихы мен Беделі

Altyn-i - онлайн банкі, «Altyn Bank» АҚ-да жеке құрылған бренд. «Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) бұрында АҚ «HSBC Банк Қазақстан» ретінде танымал болып, Қазақстан нарығында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Банктің акционерлері China CITIC Bank Corporation Limited, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және China Shuangwei Investment Co., Ltd болып табылады. Банктің рейтингтері: Fitch Ratings-тен «ВВВ-» Moody’s-тен «Ва2»

China CITIC Bank Corporation Ltd. 1987 жылы құрылған, Қытайдағы ірі актив бойынша 7-ші орынға иеленіп, 130 елде ұсынылған. Банк Қытаймен шетелдегі ірі корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға түрлі банк өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Қаржы мекемелері бойынша Moody's агенттігінің «Baa1» деңгейінде, Fitch - «BBB» деңгейінде кредиттік рейтингтері бар. 2010 жылы, Financial Times-тің хабарлауынша 500 ірі компаниялардың нарықтық құны бойынша Банк 185-ші орын алып, әлемдегі бірінші орындыкапиталдандыру бойынша 67-орынға және The Banker бойынша «Топ-1000 Әлемдік Банктердің» жиынтық активтеріндегі 72-ші орынға аттанды. Қытайдағы Интернет-банкингке арналған Қытай қаржы орталығының сертификатын алған алғашқы банк.

China CITIC Bank Corporation Ltd

«Қазақстан Халық банкі» АҚ ірі клиенттер базасы мен дистрибьюторлық желісі бар Қазақстанның жетекші қаржылық тобы және жетекші бөлшек банкі болып табылады. Банк жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске, сонымен қатар корпоративтік клиенттерге кең ауқымды қызмет түрлерін (банктік, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару қызметтерін) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамиды. Банк сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда жұмыс істейді.

Народный банк Казахстана

China Shuangwei Investment Co., Ltd. «China Tobacco Corporation» корпорациясына тиесілі жауапкершілігі шектеулі компаниясы болып табылады. Компания энергетика, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, білім беру, медициналық қызмет көрсету, логистика, инфрақұрылым, мәдениет, желілік ақпараттар, қаржы өнімдері, энергия үнемдеу, темекі өнеркәсібіндегі қолдау саласындағы бірқатар маңызды стратегиялық жобаларды басқаруға және инвестициялауға және ілеспе консультациялық бизнес-қызметтері үшін жауапты.

China Shuangwei Investment Co., Ltd

Дәл қазір клиент бол