“Moody’s халықаралық рейтингілік агенттігі «Altyn Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) рейтингілерін жоғарылатты: депозиттер рейтингісін жаһандық межелік бойынша – Ba2 деңгейінен Ba1 деңгейіне дейін және ұлттық межелік бойынша – A2.kz деңгейінен Aa3.kz деңгейіне дейін.
Moody’s өзі жариялаған баспасөз-хаттамасында CITIC Bank-тің акциялардың бақылау жинағын сатып алу мәмілесінің аяқталуы мен CITIC Bank атауының Банктің логосына енгізілуіне байланысты аталмыш мажоритарлық акционер – China CITIC Bank Corporation Limited (CITIC Bank; Baa2 positive, ba2) тарапынан қолдау көрсетілудің жоғары ықтималдығын атап өтті.
«Moody’s агенттігінің берген жоғары бағасы – бұл Altyn Bank-тің Қазақстанның қаржы нарығындағы қазіргі мықты жайғасымдарын растайтын орынды қадам – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Марат ӘЛМЕНОВ, – Жоғары несиелік рейтингілер, өтімділіктің жеткілікті деңгейі, клиентке қарай бағытталу, шешім қабылдаудың икемділігі мен жеделдігі ірі акционерлердің, яғни China CITIC Bank Corporation Ltd., China Shuangwei Investment Co Ltd, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның беделімен үйлескен түрде Altyn Bank жайғасымдарының нығаюына, қолда бар ресурстарды өршіл міндеттерді орындауға және жаңа биіктерге жетуге арнап жұмылдыруға ықпал етеді. Біз Банктің жаңа стратегиясын іске асыруға кірісе бастадық, оның негізгі басымдықтары активтердің сапасын қолдау, ілгері банкілік технологияларды енгізу және клиенттік сервисті жетілдіру болып табылады».
Сонымен қатар, Агенттіктің талдаушылары Банктің мықты қаржылық профилін атап өтті, мұны оның несиелік қабілетіне берілген ba2 деңгейіндегі базалық бағадан байқауға болады. Агенттіктің пікірінше, бұл көрсеткіш тұрақты мықты қаржылық ахуалы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін, активтердің төмен-тәуекелді құрылымын, сондай-ақ жоғары кірістілік көрсеткіштері мен Банктің өтімділік деңгейін көрсетуде.
Банктің несиелік қабілетінің түзетілген базалық бағасы мен депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингілері қазіргі уақытта CITIC Bank несиелік қабілетінің базалық бағасынан бір саты жоғары болуда, бұл осы рейтингілердің алдағы уақытта жоғарылау әлеуетін шектейді. Сонымен бірге, Банктің несиелік қабілетінің базалық бағасын Банктің жекелеп несие беру, қытайлық клиенттермен іскерлік қатынастарды дамыту арқылы және бұл жағдайда активтердің жоғары сапасын және мықты қаржылық профилін сақтап қалумен, қор жинау базасы мен табыс құрылымын сәтті түрде әртараптандырған жағдайда арттыруға болады.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), кезіндегі «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап сипаттағы коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және жеке клиенттерге қызмет көрсетеді, активтерінің мөлшері бойынша 14-ші орында және коммерциялық банктердің арасында ең жоғары рейтингіге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жеке тұлғаларға арналған қаржылық қызметтердің толық спектрін қамтыған Altyn-i толыққанды цифрлық банкін іске қосты. Банктің Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласында қосымша 2 бөлімшесі бар.
Moody’s Investors Service — халықаралық рейтингілік агенттік, несиелік рейтингілер тағайындаумен, тәуекелдерді зерттеумен және талдаумен айналысады. Moody’s халықаралық рейтингілік агенттіктердің «үлкен үштігіне» енген.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)
Екатерина Купреева,
Маркетинг басқармасының басшысы”