Мобильді қосымшадан жеке кабинетке кіру қажет.Жеке кабинетте «Несиелер» бөлімінде өтінім берер алдында калькулятор көмегімен төлемдер сомасын есептеу мүмкіндігі бар. Бұл бөлімде «Жаңа несие рәсімдеу» функциясын таңдау қажет. Басқанда белгілі бір несие түрін таңдауға болатын қосымша беттер ашылады: «Кепілсіз несиеге өтініш рәсімдеу», «Кепілсіз несиені қайта қаржыландыру», «Кепілді несиеге өтінім», «Ипотекаға өтінім». Әрі қарай пайда болған терезеде қажетті деректерді енгізу, ақпарат алу туралы келісімге қол қою қажет. Несиенің мақұлданған сомасы туралы ақпарат бірнеше минут ішінде экранда пайда болады. Егер мақұлданған сома сұралған шарттарға сәйкес келсе, шартқа қол қою қажет. Несие сомасы дебеттік картаға түседі де шешіп алу немесе аудару үшін қолжетімді болады.
Талаптар таңдалған несиетендіру түріне байланысты:тұтынушылық несие, ипотека немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін несие бойынша тарифтерді мұнда білуге болады. Қажет болғанда Facebook және Instagram ресми беттеріндегі +7 (727) 35-65-777 телефон нөмірі бойынша Банктің қолдау қызметімен хабарласуға немесе +7 771 330 5777 нөміріне WhatsApp-қа хабарлама жазуға болады.
Несиені қайта қаржыландыру бойынша талаптардың барлығы мұнда сипатталған.Қайта қаржыландыруға өтінімді жеке кабинетте «Несиелер» бөлімінде беруге болады. «Жаңа несие рәсімдеу» батырмасын басып, «Кепілсіз несиені қайта қаржыландыру» дегенді таңдау керек.Әр клиентке несие суммасы жеке есептеледі және несие тарихы мен төлемге қабілеттілікке байланысты. Бір несиені ғана қайта қаржыландыруға болады.
Несие бойынша шарт пен өтеу кестесін жеке кабинетте «Несиелер» бөлімінде қарауға болады.
Несие 150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін беріледі. Әр клиентке несие сомасы жеке есептеледі және несие тарихы мен төлемге қабілеттілікке байланысты.Талаптар таңдалған несиелендіру түріне байланысты: тұтынушылық несие, кепілсіз несие немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін несие бойынша тарифтерді мұнда білуге болады. Қажет болғанда Facebook және Instagram ресми беттеріндегі +7 (727) 35-65-777 телефон нөмірі бойынша Банктің қолдау қызметімен хабарласуға немесе +7 771 330 5777 нөміріне WhatsApp-қа хабарлама жазуға болады.