Altyn Bank-пен бірге бәсекелестіктегі артықшылығыңызға ерекше көңіл аударыңыз. Кепілдіктердің және резервтік аккредитивтердің алуан түрлері келісімшарттық міндеттемелердің кең спектрін қамтамасыз етеді. Біздің мамандарымыз сізге келісімшарт бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында өнімнің қажетті түрі мен шарттарын анықтауға көмектеседі.
Банктік кепілдіктер және резервтік аккредитивтер
Жалпы ақпарат:
- Банк кепілдігі (резервтік аккредитив) – бұл Аппликанттың (клиенттің) келісімшарт немесе тендер бойынша өз міндеттемелерін орындамауын білдіретін төлем талабын беруге қарсы бенефициардың (қарсы серіктес немесе тендерді ұйымдастырушының) пайдасына төлемді жүзеге асыруда Банктің қайтарып алмайтын міндеттемесі.
Электрондық банктік кепілдіктер:
- Тендерлік кепілдіктер, міндеттемелерді орындау кепілдіктері мемлекеттік сатып алу веб-порталында шығарылады www.goszakup.kz;
- Тендерлік кепілдіктер Самұрық-Қазына Электрондық сатып алу веб-порталында шығарылады.
Қамтамасыз ету:
- 100% ақшалай қамтамасыз ету арқылы шығарылатын кепілдіктің немесе резервтік аккредитивтің сомасына және валютасына тең
- Кредит желісі (кепілдік мүлік) шеңберінде.
Кепілдік түрлері:
Тендерлік кепілдік
Бұл кепілдік сомасын төлеу, тендерге қатысушының тендерді ұйымдастырушы алдындағы өз міндеттемелерін орындамау міндеттемесі;
Міндеттемелерді орындау кепілдігі (кедендік / салықтық)
Аппликант тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілгер-банктің кепілдік сомасын төлеу міндеттемесі;
Төлем кепілдігі
Бұл Аппликант шарт бойынша өзінің төлем міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілгер-банктің кепілдік сомасын төлеу міндеттемесі;
Аванстық төлемді қайтару кепілдігі
Аппликант тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кепілгер-банктің аванстық төлем сомасын өтеу міндеттемесі;
Қарызды қайтару кепілдігі
Бұл кепілгер банктің басқа банктен алынған қарызды қайтару жөніндегі міндеттемесі;
Міндеттемелерді орындау кепілдігі
Бұл кепілгер банктің ҚР кеден немесе салық органдарының пайдасына салықтарды және/немесе өсімпұлдар мен кедендік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемесі.