Құқықтық ақпарат

Осы сайт туралы жалпы ақпарат

Осы сайтта ұсынылған ақпарат “Altyn Bank” АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd) (бұдан әрі – “Банк” немесе “Altyn Bank” ЕБ) жарияланған сәтте қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану практикасын түсінуге негізделген. Заңнама, салық салу және қолдану тәжірибесіндегі болашақ өзгерістердің сайттың мазмұнына әсер етуі мүмкін. Бұл ақпаратты кәсіби кеңес ретінде тану немесе оған осы мағынада сүйену қажет емес. Осы беттерді қарайтын тұлғаларға тиісті кәсіби кеңес алу үшін құзыретті мамандарға жүгіну ұсынылады. Кейбір жағдайларда осы веб-сайтта ұсынылған ақпарат басқа көздерден алынған және Altyn Bank және оның бөлімшелері барлық ақпараттың дәлдігін қамтамасыз ету үшін күш салса да, олар осы ақпараттың дәлдігіне қатысты қандай да бір растамалар немесе кепілдіктер бермейді және қателіктер немесе кемшіліктер үшін жауапты болмайды. Осы беттерді қарайтын тұлғаларға құзыретті мамандарға заңгерлік, бухгалтерлік, салық немесе инвестициялық мәселелер бойынша қажетті кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады.Осы веб-сайтта ұсынылған ақпараттың қандай да бір бағалы қағаздарға, қаржы құралдарына немесе қызметтерге қатысты сатып алуға немесе жазылуға оферта немесе шақыру ретінде қарастырылмауы тиіс. Ақпарат біз сенімді деп санаған, бірақ тәуелсіз тексеруге ұшырамаған көздерден алынған; біз қандай да бір растаулар немесе кепілдіктер бермейміз және осы ақпараттың дәлдігі мен толықтығына қатысты жауапкершілікті өзімізге алмаймыз.Altyn Bank, оның аффилиирленген тұлғалары және/немесе олардың лауазымды тұлғалары, директорлары мен қызметкерлері бағалы қағаздарды иелене алады немесе осы веб-сайтта аталған қандай да бір бағалы қағаздар (немесе олармен байланысты инвестициялар бойынша) бойынша позицияларының болуы мүмкін, сондай-ақ көрсетілген бағалы қағаздардың (немесе инвестициялардың) қандай да болмасын біреуін қосымша сатып ала алады немесе иеліктен шығара алады. Altyn Bank және аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздар нарығының белсенді қатысушысы ретінде әрекет ете алады немесе осы сайтта қарастырылатын компаниялардың бағалы қағаздары бойынша (немесе байланысты инвестициялар бойынша) позицияларды атқара алады, оларды тікелей клиенттерден сатып ала алады немесе оларға сата алады, сондай-ақ осы компаниялар үшін немесе оларға қатысты инвестициялық-банктік қызметтер немесе андеррайтинг бойынша қызметтер көрсете алады немесе көрсетуге ниеттене алады. Біздің өнімдеріміз мен қызметтеріміз туралы толық ақпаратты Банктің мекенжайынан алуға болады: “Altyn Bank “АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd) ҚР, A05A1B9, Алматы қ., Абай д-лы, 109 “В”. Осы сайт біздің ақпаратты таратуымызды шектейтін юрисдикциялардың резиденттері болып табылатын немесе сондай юрисдикцияда жүрген тұлғаларға арналмаған. Осы беттерді қарайтын тұлғалардың тиісті шектеулер туралы мәліметтерді алып, оларды сақтауы қажет.

Сайт шарттары

Сізден осы веб-сайтты (“Сайт”) пайдаланбас бұрын, төменде берілген ақпаратпен мұқият танысуды сұраймыз. Сайтқа кіруді жүзеге асыра отырып, сіз келесі шарттар мен ескертулерді (“Шарттар”) сақтауға міндеттісіз. “Сіз”, “Сіздің” және “Сізді” сілтемелері Сайтқа кіруді жүзеге асыратын тұлғаға (тұлғаларға) сілтемелер болып табылады. “Біз”, “бізге” немесе “біздің” сілтемелері Altyn Bank жасалған сілтеме болып табылады.

Шарттары

Біздің барлық өнімдеріміз бен қызметтеріміз тиісті келісімдердегі шарттармен және ескертпелермен реттеледі, олардың негізінде осындай өнімдер мен қызметтер ұсынылады. Осындай Шарттардың Сайт беттерінде орналастырылған басқа шарттармен және ескертпелермен бірге қарастырылуы тиіс. Сайт беттерінде орналастырылған шарттар мен ескертпелер арасында қандай да бір алшақтық болған жағдайда осы Шарттардың алдында басым күшке ие болып саналады. Осы Сайт беттеріндегі ақпарат, материалдар мен олардың мазмұнының кез келген уақытта ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Бұл Шарттардың да кез келген уақытта осы мәтінді жаңарту арқылы ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Сіз Шарттарды үнемі қайталап қарауға келісесіз, бұл ретте Сіздің осы Сайтты одан әрі пайдалануыңыз кез келген өзгерістермен келісетініңізді білдіреді.

Офертаның болмауы

Сайттағы ақпарат та, қандай да бір пікір де сатуға жасалатын оферта немесе қандай да бір бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын немесе қызметтерді сатып алуға оферта жасауға шақыру болып табылмайды, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға, өзге де қаржы құралдарына немесе қызметтерге қатысты кеңес немесе ұсыныс болып табылмайды.

Пайдаланушылар

Қазіргі уақытта Сайт оған Қазақстан Республикасының аумағынан қолжеткізе алатын тұлғаларға арналған. Осыған байланысты біз осы Сайттың немесе ондағы ақпараттың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайдалану үшін сәйкес келетініне немесе сәйкес келмейтініне кепілдік бере алмаймыз. Сіз Сайтты сіздің компьютеріңізді пайдаланатын тұлғаның пайдалануына қатысты толық жауап бересіз және Сіз осындай тұлғаның осы шарттарды сақтауын қамтамасыз етуіңіз керек.

Кепілдіктердің болмауы

Келесі шарттар Сайтқа байланысты біздің құқықтық жауапкершілігімізді болдырмайды немесе шектейді. Олармен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Аталған шарттар заңмен рұқсат етілген шектерде ғана қолданылады, атап айтқанда, біз Сіздің алдыңыздағы өз міндеттеріміз бен жауапкершілігімізді жоққа шығармаймыз және шектемейміз. Біздің Сайттағы ақпараттың дәлдігіне, өзектілігіне, қолжетімділігіне, шынайылығына және толықтығына кепілдік беру үшін ақылға қонымды шаралар қабылдағанымызға қарамастан, ақпарат “қаз қалпында” және “барынша қолжетімді” етіп ұсынылады, бұған қатысты біз ешқандай ықтимал және нақты айтылған кепілдік немесе растама бермейміз. Сіздің Сайтты пайдалануыңыз тек Сіздің тәуекеліңіз бойынша ғана жүзеге асырылады. Біз Сіздің Сайтта мазмұндалған ақпаратты пайдалануыңыз нәтижесінде немесе Сіздің оған негізделгеніңіздің нәтижесінде пайда болатын кез келген шығындар немесе залал үшін заң бойынша қаншалықты рұқсатталған болса, соншалықты жауапты болып табылмаймыз. Біз Сайттың қолжетімді болатынына және Сіздің талаптарыңызға жауап беретініне, оған қолжеткізудің тұрақты болатынына, кідірістердің, жұмыс жасамаудың, қателердің, жіберілген ақпараттардың жоғалуының болмауына, вирустар мен басқа да зиянды немесе бұзатын элементтердің берілмейтініне немесе Сіздің компьютерлік жүйеңізге зиян келтірмейтініне қатысты растама жасамаймыз немесе кепілдік бермейміз. Сіз деректерді және/немесе жабдықты тиісті қорғау және резервтік көшіру үшін, сондай-ақ компьютерлік вирустар мен басқа да бұзатын элементтерді анықтау үшін ақылға қонымды және қажетті сақтық шараларын қабылдау үшін дербес түрде жауаптысыз. Біз Сайтқа байланысты пайдаланылуы мүмкін үшінші тұлғалардың бағдарламалық қамтамасыздандырғыштарының дәлдігіне, функционалдығына немесе тиімді жұмысына қатысты растама жасамаймыз және кепілдік бермейміз.

Интернет арқылы электрондық пошта

Интернет арқылы жіберілген хабарламалардың толық сақталуына кепілдік жоқ, өйткені олардың сырттай ұсталып қалуы, жоғалуы немесе өзгертілуі мүмкін. Біз осы хабарламаларға жауап бермейміз және Сіз Банктің атына жіберген кез келген хабарламаға немесе Банк Интернет арқылы Сіздің мекенжайыңызға жіберген хабарламаға байланысты болуы ықтимал шығындар үшін Сіздің немесе өзге тұлғалардың алдында қандай да бір жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз.

Тауар таңбалары және авторлық құқықтар

Осы Сайтта ұсынылған экрандық суреттерге, ақпараттар мен олардың құрамындағы материалдарға авторлық құқық Банкке тиесілі немесе, егер өзгесі көрсетілмесе, ол лицензия бойынша пайдаланылады. Сіздің біздің Сайтымыздың фрагменттерін жеке ақпарат үшін немесе өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланған кезде басып шығаруыңызға, көшіруіңізге, жүктеп алуыңызға немесе уақытша сақтауыңызға болады. Сіздің қандай да бір өзгерістер енгізбеуіңіз керек. Біздің алдын ала жазбаша рұқсатымызсыз өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Атап айтқанда, біздің Сайттың бөліктерін кез келген басқа веб-сайтта пайдалануға немесе біздің алдын ала жазбаша рұқсатымызсыз басқа веб-сайтта біздің Сайтқа сілтемелерді орналастыруға тыйым салынады.

Үшінші тарап сайттары және кепілдіктер

Егер біз Интернет желісіндегі басқа сайттарға немесе беттерге гиперсілтемелер ұсынсақ, біз мұны тек қана ақпараттық мақсатта жасаймыз. Біз осы Сайтта сілтемелер жасалатын немесе осы Сайтқа сілтемелері бар кез келген веб-сайттардың немесе беттердің мазмұны үшін жауапты емеспіз. Біз мұндай сайттардың мазмұнын тексерген жоқпыз. Басқа веб-сайттарға немесе беттерге сілтемелер бойынша ауысуды Сіз өзіңіздің жеке тәуекеліңізге орай жүзеге асырасыз және біз қандай да бір шығындар үшін немесе осы сілтемелерге байланысты өзге де жағдайлар үшін жауап бермейміз. Жүктеп алуға арналған бағдарламалық қамтамасыздандырғышты қамтитын сайттарға сілтемелер тек ыңғайлылық үшін беріледі және біз бағдарламалық қамтамасыздандырғышты жүктеп алуға байланысты қандай да бір қиындықтар немесе салдарлар үшін жауап бермейміз. Қандай да бір жүктелген бағдарламалық қамтамасыздандырғышты пайдалану бағдарламалық қамтамасыздандырғышқа ілесе жүретін немесе онымен бірге берілетін лицензиялық келісімнің шарттарымен реттеледі. Біздің Сайтта ұсынылған ақпарат тікелей немесе жанама түрде қандай да бір үшінші тұлғалардың немесе олардың кеңестерінің, пікірлерінің, ақпараттарының, өнімдердің немесе қызметтердің қандай да бір растамасын немесе мақұлдауын білдірмейді.

Ақпаратты қорғау

Сіздің Сайтпен өзара әрекеттестігіңіздің нәтижесінде біз сіздің Сайтқа кіруді жүзеге асыруыңыз кезінде алынған Сіз туралы дербес ақпаратты сақтай және өңдей аламыз және оны кредиттік шешімдер қабылдау және Сізбен өзара қарым-қатынас барысында қызмет көрсету үшін, алаяқтықты болдырмау және берешектерді өндіріп алу үшін, Сіздің қаржылық қажеттіліктеріңізді түсіну, біздің қызметімізді жүзеге асыру және Сізге Банктің, Халық тобының және жеке үшінші тұлғалардың үздік сапалы қызметтері мен өнімдерін ұсыну үшін, Біздің сайт маркетингінің тиімді талдауы мен статистикалық талдау жүргізу үшін пайдалана аламыз. Біз осы ақпаратты заңға сәйкес Халық тобының өзге компанияларына немесе өкілдерге осындай әрекеттер жасауы үшін бере аламыз және олар бізге осындай әрекеттер жасауы үшін Сіз туралы ақпаратты бере алады. Біз осы ақпаратты Банктен тыс жерлерде ашпаймыз, алаяқтықты болдырмау мақсатында және/немесе Заңның, мемлекеттік немесе сот органының немесе агенттіктің немесе біздің қызметімізді реттейтін органдардың талабы бойынша, тиісті өкілеттіктер болған жағдайда немесе қосалқы мердігерлердің немесе біздің, Халық тобының өкілі ретінде әрекет ететін тұлғалардың қатаң құпиялылықты қамтамасыз ету режимі негізінде немесе Сіздің келісіміңіз негізінде немесе алдын ала ескерту болған жағдайда ақпараттың берілуін санамағанда. Банк немесе оның қосалқы мердігерлері немесе өкілдері сақтайтын барлық дербес ақпаратты рұқсатсыз немесе кездейсоқ ашудан, қолжеткізуден немесе жоюдан қорғаудың жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі. Осы Шарттарды қабылдай отырып, Сіз көрсетілген ақпараттың жоғарыда көрсетілген жолмен басқа тұлғаларға пайдаланылуы және берілуі мүмкін екендігіне келісесіз. Altyn Bank өз клиенттерінің дербес деректерін жинайды және өңдейді. Мұндай деректер қызмет көрсету мақсатында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиналады және өңделеді.

Қолданылатын заңнама

Осы Шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

Банк туралы ақпарат

Банктің толық атауы: “Аltyn Bank” Акционерлік қоғамы (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ). Банктің орналасқан жері: “Altyn Bank” АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd) ҚР, A05A1B9, Алматы қ., Абай д-лы, 109 “В”.