Решение НБРК от 03.04.2020

“Құрметті Клиенттер!
Елде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты Altyn Bank Қазақстан Үкіметінің шараларын қолдайды және 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі кезеңде үш айға дейін кредиттер және кредиттік карталар бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуға дайын.

Мерзімін ұзарту шарттары

1. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезеңге негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұруға арналған өтінімдер (бұдан әрі – Өтінім) 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық кредиттер бойынша, қаржылық жағдайы келесі себептерге байланысты нашарлаған қарыз алушы-жеке тұлғалар бойынша қабылданады:

• карантин енгізілуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық;
• төленбейтін еңбек демалысында болу;
• жұмыстан босау, еңбек шартын бұзу және өзге де еңбек қатынастарын тоқтату;
• жалақыны немесе өзге де кірістерді төлеуді төмендету немесе тоқтата тұру
қызметкер аумағында төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын жерге келуге (кетуге) шектеулерге байланысты жұмыс орнында бола алмайтын жағдайда;
• каржылық жағдайдың нашарлауын куәландыратын өзге де себептер.
2. Өтеу күні 16.03.2020 ж. бастап 19.04.2020 ж. дейінгі кезеңге келетін, 16.03.2020 жылға мерзімі кешіктірілмеген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қарыз алушыларға Банк кепілсіз және кепілді кредиттер бойынша төлемді келесі шарттарға сәйкес автоматты түрде бір ай мерзімге ұзартады

• Егер несиені өтеу күні Сіздің шотыңызда өтеу үшін қаражат болмаса немесе жеткіліксіз болса, Банк автоматты түрде толық немесе ішінара бір айға төлем мерзімін береді. Банк Сізге SMS арқылы төлемді кейінге қалдыру туралы хабарлайды. Кепілсіз кредиттер бойынша өтеудің жаңа кестесі Altyn-i жеке кабинетінде қолжетімді болады. Кепілді қарыздар бойынша өтеу кестесі Сіздің сұрауыңыз бойынша электрондық поштаға жіберілетін болады.
• Егер несиені өтеу күніне Сіздің шотыңызда жеткілікті сома болса, ол автоматты түрде төлемді өтеу шотына есептен шығарылады.
• Егер Сізге кепілсіз, кепілді кредиттер, кредиттік карталар бойынша төлемді бір айдан астам уақыт мерзіміне кейінге қалдыру қажет болса, Сізге өтінім жолдау қажет.
3. Кейінге қалдыруға өтінімді Altyn-i жеке кабинетінде “”Басқа да”” бөлімінде беруге болады. Өтінімде көрсету қажет:

• кредит түрі ( бірнеше болса атап шығу);
• кейінге қалдыру мерзімі;
• кейінге қалдыру себебі.
Банк өтінімдерді берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Қабылданған өтінімді өңдегеннен кейін Банк Сізді SMS арқылы хабардар етеді.

Кейінге қалдыру берілгеннен кейін кепілсіз кредиттер бойынша жаңа өтеу кестесі Altyn-i жеке кабинетінде қолжетімді болады. Кепілді қарыздар бойынша өтеу кестесі сұрау салу бойынша клиенттің электрондық поштасына жіберілетін болады.

Мерзімін ұзарту нәтижесінде ай сайынғы төлем мөлшері ұлғаймайды. Бұл ретте кредит бойынша мерзімі мен жалпы артық төлеу ұлғаяды. Артық төлемнің жалпы сомасы кредит бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда азайтылуы мүмкін.

Мерзімін ұзарту кепілсіз несиелер бойынша банктік несие шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай беріледі;

Банк өтінішті қарастырғаны және несие бойынша мерзімін ұзарту үшін комиссиялар немесе өзге де төлемдерді алмайды;

Мерзімін ұзарту кредиттік тарихтың нашарлауы және кредиттік бюроларға теріс ақпарат беруге негіз болмайды;

4. Осы тармақта көрсетілген, санаттарға жатқызылған қарыз алушы-жеке тұлғалар бойынша Банкке жүгіну және кейінге қалдыру үшін Өтінім беру талап етілмейді. Банк Қарыз алушыны өз бетімен хабардар етеді және кейінге қалдыруға келісім сұрайды.

Қарыз алушылардың санаты:
• “”Тұрғын үй қатынастары туралы”” Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
• “”Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы”” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• “”Халықты жұмыспен қамту туралы”” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар.
5. Мерзімін ұзарту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде қызметін экономиканың келесі салаларында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге беріледі:

Қарыз алушылардың санаты:
•Сауда секторы, сауда-ойын-сауық орталықтарын жалға алушыларды, халық тұтынатын тауарлардың дүкендерін, азық-түлік дүкендерін қоса алғанда, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда
• Спорт, туризм және қонақ үй бизнесі, туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда.
• Жолаушылар және жүк тасымалдау секторы, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда.
• Қоғамдық тамақтандыру секторы, мейрамханалар мен кафелерді қоса алғанда.
• Тұрмыстық қызмет көрсету бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру секторы, театрларды, кинотеатрларды, фото және бейнетүсірілімдерді, көрмелер мен конференцияларды, салтанатты жиындарды ұйымдастыруды, сұлулық салондарын және фитнес орталықтарды қоса алғанда.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Аман-сау болыңыз.