” «Altyn Bank» АҚ-мен құрылған бренд – Altyn-i, Global Finance журналының халықаралық сыйлығының «Қазақстанның үздік тұтынушылар сандық банкі» номинациясында жеңімпаз аталды. Банк бұл атаққа 2017 және 2018 жылдары да ие болған болатын.
Рейтингке digital banking қызметтерін ұсынатын ғаламдық және аумақтық банкілер кірді. Банк таңдау барысында Global Finance мынадай факторларға мән береді: сандық банкте клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсетудің ерекше стратегиясы, пайдаланушылар базасының ұлғаюы, көптеген түрдегі сандық өнімдер және олардың функционалдығы, сондай-ақ мобилді қосымша мен сайттың дизайны және пайдаланудағы ыңғайлылығы.
«Global Finance Altyn-i осымен үшінші мәрте Қазақстандағы сандық банктік қызметтерді ұсынудан көшбасшы танылғанына қуаныштымыз. Бұл жағдай дұрыс таңдалған стратегиямыз бен жұмысымыздың тиімділігінің дәлелі. Біз клиенттерімізге қаржыны басқару бойынша ыңғайлы, әрі жылдам қызметін ұсынуға тырысамыз, сонымен бірге инновациялық технологияларды пайдалана отырып, Altyn-i банкін дамыту жолындамыз», – деп «Altyn Bank» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Марат Альменов атап өтті.
Altyn-i сандық банкі онлайн түрінде банк қызметтерінің барлық спектрін ұсынады: шоттарды, дебет және кредит карталарды, депозиттерді ашу, несиелендіру, ақша аударымдары мен төлемдер. Клиентті биометрикалық сәйкестендіре отырып, Altyn-i мобилді қосымшасында тіркеу бар болғаны бірнеше минут алады.
Global Finance сыйлығының жеңімпаздары 150-ден астам Африка, Азия-Тынық мұхит аймағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америка, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдеріндегі қаржы ұйымдар арасынан таңдалады.
Global Finance журналы— халықаралық банк қауымдастығындағы ең көне, әрі аса құрметті салалық баспалардың бірі. Журналдың ұжымы сарапшылармен бірге қаржы институттардың үздіктерін көрсететін қызметтерінің барлығы бойынша да, бөлек көрсеткіштері бойынша да белгілей отырып, олардың бүкіл әлемдегі қызметін талдау жүргізеді. Бұл марапаттар қаржы қызметтер сапасының бүкіл әлем бойынша танылған стандарты болып табылады.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және бөлек клиенттерге қызмет көрсететін жан-жақты коммерциялық банк. Банк активтер көлемі бойынша 13 орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). 2016 жылы Altyn Bank Қазақстандағы ең алғашқы болып жеке тұлғаларға арналған толық көлемді қаржы қызметтер көрсететін Altyn-i толымды сандық банкін іске қосты. 6 филиалы бар: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Шымкентте, Актауда және АХӨО-да, сондай-ақ Алматы қаласында 2 қосымша бөлімшесі бар.
Қосымша түсініктемелер алу үшін:
Светлана Савенко
«Altyn Bank» АҚ-ның маркетинг басқармасы
Тел. +7 (727) 356 62 73, (вн. 30 537)
E-mail: Svetlana.Sa@altynbank.kz”