“Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – «Fitch») «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd Еншілес банкі) (бұдан әрі – Банк) «ВВВ-» деңгейінде шетел және ұлттық валютада эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) растағаны, тұрақтылық рейтингін «bb» деңгейіне дейін арттырғаны туралы хабарлады. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжам – «Тұрақты».
Fitch пікірі бойынша, Банктің ЭДР бас банк – China CITIC Bank Corporation Limited (бұдан әрі – «China CITIC Bank») тарапынан әлеуетті қолдауға негізделген, оған 51% үлес тиесілі. Банктің тұрақтылық рейтингі жақсы пайданы, капиталдың жеткілікті қорын және активтердің тұрақты сапасын көрсетеді. Сондай-ақ, ҚРҰБ жүргізген банк секторы активтерінің (AQR) сапасын бағалау қосымша провизияларды қалыптастыру және Банкті капиталдандыруға қажеттілікті анықтағанын атап өту қажет. Тұрақтылық рейтингін «bb» деңгейіне дейін арттыру сауатты менеджментті, активтердің жоғары сапасын және өтімділіктің жеткілікті деңгейін растау болып табылады. «Altyn Bank кредит қабілеттілігі дербес негізде Қазақстандағы ең күшті деп саналады, атап айтқанда, активтер мен өтімділік сапасы тұрғысынан алғанда”” – делінген Fitch баспасөз парағында.
Fitch халықаралық агенттігінің жоғары бағасы Altyn Bank командасының тиімді жұмысының нәтижесі болып табылады және China CITIC Bank және Halyk Bank акционерлерінің қуатты ресурстарымен бекітілген Банктің мықты позицияларын тағы да растайды. «Рейтингтер прогрессивті банктік технологияларды енгізуге, активтердің жоғары сапасын қолдауға, тәуекелдерді бағалауға және клиенттік сервисті жетілдіруге бағытталған біздің даму стратегиямыздың табыстылығын көрсетеді» – деп атап өтті «Altyn Bank АҚ Басқарма Төрағасы Марат Альменов.
Анықтамалық ақпарат:
“”Altyn Bank””АҚ(China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын””HSBC ҚазақстанБанкі”” АҚЕБ Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді. “”Altyn Bank””АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсетеді, активтер көлемі бойынша 13-ші орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтері (Fitch –””BBB-“”, Moody ‘s – “”Ba1″”) бар. “”Altyn Bank”” АҚ жеке тұлғалар үшін қаржылық қызметтердің толық спектрімен Қазақстандағы бірінші толыққанды Altyn-i цифрлық банкін іске қосты. 6 филиалы бар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Шымкент, Ақтау қалаларындажәне КФО-та, сондай-ақ Алматыда 2 қосымша бөлімше.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)
Светлана Савенко,
Маркетинг басқармасы
Тел.: +7 (727) 356 62 73, ішкі 30 537
E-mail: Svetlana.Sa@altynbank.k”