“2018 жылғы 18 мамырда Fitch Ratings (бұдан әрі – «Fitch») халықаралық рейтингтік агенттігі «Altyn Bank» АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес банкі) (бұдан әрі –«AltynBank») шетел және ұлттық валютадағы эмитент (бұдан әрі – «ЭДР») дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BB» деңгейінен «ВBB-» деңгейіне дейін жоғарылатуы туралы хабарлады және Rating Watch «Жағымды» тізімінен рейтингтерді шегерді. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжамы– «Тұрақты».
Аталмыш рейтингтік әрекет China CITIC Bank Corporation Limited («BBB»/«Тұрақты» болжамы) және Shuangwei Investment Co., Ltd тарапынан Altyn Bank-тағы 60-пайыздық үлесті сатып алудан кейін болды.
Бұдан бұрын, 2018 жылғы 24 сәуір күні «Қазақстан Халық Банкі» АҚ капиталдағы 60% үлесті шетел инвесторларына сатуға байланысты келісімді аяқтады:China CITIC Bank Corporation Limited акциялардың 50,1%-ын және China Shuangwei Investment Co.,Ltd.–акциялардың 9,9%-ын сатып алды, бұл үлестер бұдан бұрын «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на тиесілі болған, сонымен бірге «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның үлесі 40% құрайды.
«AltynBank» АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚЕБ), бұрынғы «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның банк нарығында 1998 жылдан бері қатысып келеді, 2014 жылдың қараша айынан бастап сатылып алынды және Халық банкіне толық тиесілі. Altyn Bank – бұл Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласындағы 2 бөлімшесі бар корпоративтік және бөлшек клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің кең спектрі бар әмбебап коммерциялықбанк.
China CITIC Bank Corporation Ltd., 1987 жылы құрылған, Қытайда активтер көлемі бойынша жетінші орынға ие және 130 елде ұсынылған. Қытайдағы және шетелдегі ірі корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғаларға түрлі банк өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Банктің активтері 900 млрд.АҚШ долларға дейiн жеттi.Банктің рейтингтері:Fitch–тен ВВB және Moody’s-тен Baa2 рейтингері.
China Shuangwei Investment Co., Ltd. «China Tobacco Corporation» компаниясына толық тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Компания энергетика,жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, білім беру, медициналық қызмет көрсету, логистика, инфрақұрылым, мәдениет, желілік ақпарат, қаржы өнімдері, энергия үнемдеу, темекі индустриясындағы көмекші жобаларға, сондай-ақ ілеспелі консультациялық бизнес қызметтері салаларында бірқатарлы негізгі стратегиялық жобаларды басқаруға және инвестициялауға жауап береді .
Қазақстан Халық Банкі- бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару сияқты түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк Қазақстан Қор Биржасында 1998 жылдан бастап және Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап листингке ие.”