Fitch «BBВ-» деңгейінде Altyn Bank рейтингін растады, «Тұрақты» болжамы

“Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі– «Fitch») «Altyn Bank» Акционерлік қоғамының (China CITIC Bank Corporation Ltd Банкінің еншілес банкі) (бұдан әрі – Банк) шетел және ұлттық валютада эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (бұдан әрі – «ЭДР») «ВBB-» деңгейінде, тұрақтылық рейтингін «bb» деңгейінде растағанын жариялады. Ұзақ мерзімді ЭДР бойынша болжам – «Тұрақты».

Altyn Bank рейтингтері Қазақстан ЕДБ арасында ең жоғарылар қатарына жатады. Рейтингтерді растау барысында агенттік қажеттілік болған жағдайда басты банк – China CITIC Bank Corporation Limited банкі (бұдан әрі – «China CITIC Bank») тарабынан қолдау көрсетудің жоғары ықтималдығын бағалады. Тұрақтылық рейтингі ағымдағы менеджемент барысында Altyn Bank-тің сәтті жұмысын, сондай-ақ бағалау кезеңі барысында жақсы қаржылық көрсеткіштерді белгілейді. «АА+(kaz)» ұлттық рейтингі Қазақстандағы басқа эмитенттермен салыстырғанда «Altyn Bank» АҚ-ның несиені өтеу қабілетін көрсетеді.

«Fitch халықаралық агенттігінің жоғары бағасы Altyn Bank командасының тиімді жұмысының және менеджменттің акционерлер – China CITIC Bank және Halyk Bank банктерімен қарым-қатынас нәтижесі болып табылады. Банк жоғары операциялық тиімділікті қолдауда. Рейтингтер негізі ретінде IT-технологияларды енгізу, активтердің жоғары сапасын қолдау және тәуекелдерді бағалау барысында орынды тәсілдемелерді қолдану болып табылатын жүзеге асырылудағы банкті дамыту стратегиясын растайды», – деп «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Марат Әлменов атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрыңғы «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етуде. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банкі болып табылады және корпоративтік әрі бөлек клиенттерге қызмет көрсетеді, активтердің көлемі бойынша 13-ші орында, және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”) ие. «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда ең алғашқы болып жеке тұлғаларға арналған барлық түрдегі қаржылық қызметтер көрсететін Altyn-i толыққанды сандық банкін іске қосты. 6 филиалы бар: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және АХҚО-да, сонымен қатар Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.

Қосымша түсініктемелер үшін Сіз:

«Altyn Bank» АҚ-на (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) жүгіне аласыз.

Светлана Савенко

Маркетинг басқармасы

Тел. +7 (727) 356 62 73, (вн. 30 537)

E-mail: Svetlana.Sa@altynbank.kz”