«Алтын қор» депозиті

Қосымша жарналар мен ішінара алу мүмкіндігімен
Сомасы
10 000 KZT бастап
Мерзімі
3 жылға дейін
СЖТМ
15,5%-ға дейін
Illustration

"Резерв" депозиті

Қосымша жарналар мен ішінара алу мүмкіндіктерінсіз
Сомасы
10 000 KZT бастап
Мерзімі
3 жылға дейін
СЖТМ
17,5%-ға дейін
Illustration

"Резерв+" депозиті

Қосымша жарналар мүмкіндігімен және ішінара алу мүмкіндігімен
Сомасы
10 000 KZT бастап
Мерзімі
3 жылға дейін
СЖТМ
17%-ға дейін
Illustration

Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы – 10% мөлшерінде өтемақы төлеу

Өтемақыны алу үшін 2023 жылғы 24 ақпанға дейін осы салымды сақтаумен 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдайы бойынша теңгемен қолданыстағы салым бар болуы қажет.

Салымды 2023 жылғы 24 ақпанға дейін мерзімінен бұрын жапқан кезде салым Бағдарламаға қатысудан автоматты түрде шығарылады.

 Өтемақы 2023 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей, өзінің келісімін растаған салымшыларға төленетін болады.

 

Өтемақыны алу үшін өтінімді қалай жіберуге болады?

Өтінішті Altyn-i қосымшасының жеке кабинетіндегі Мәзір – Өтініштер – Тарих – Депозиттер – Жалғастыру бөлімінде беруге болады. Келісім нысанымен және Ережелермен танысып, сіздің телефоныңызға келетін бір реттік құпиясөздің көмегімен растай аласыз. (орналастыру арқылы ролик жасауға болады)

Сондай-ақ, өтінішті кез келген Altyn Bank бөлімшесінде мына мекенжайға беруге болады: https://altyn-i.kz/ru/contacs

Қосымша болмаған жағдайда оны орнатып, тіркеле аласыз.

Бағдарламаның шарттары «Ашық НҚА» ресми сайтында орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14131971

Өтемақы жайлы қосымша сұрақтар https://altyn-i.kz/ru/deposit сайтында орналастырылған.

3 негізгі артықшылықтар
icon
Сенімділік
Сіздің ақшаңыз қорғалған - барлық салымдар сақтандырылған
icon
Икемділік
KZT, USD, GBP, EUR немесе барлық валюталарда бірден жинаңыз
icon
Ыңғайлылық
Біз табысты күн сайын, ай сайын және мерзімнің соңында аударамыз
Promo Card
Өз салымыңызды банк картасынан немесе кез келген ыңғайлы тәсілмен толықтырыңыз
icon
Банкомат арқылы қолма-қол ақшамен теңге арқылы
icon
Банктің деректемелері бойынша банктік аударыммен
icon
Біздің банктің мобильді қосымшасында
icon
Банкомат арқылы қолма-қол ақшамен теңге арқылы
icon
Банктің деректемелері бойынша банктік аударыммен
icon
Біздің банктің мобильді қосымшасында
Салымды 5 минут ішінде ашыңыз
1

Салымды ашуға онлайн-өтінімді толтырыңыз-өз деректеріңізді және салым параметрлерін көрсетіңіз

2

Егер сізде Altyn-i картасы болмаса, банк өкілі шарт пен картаны тегін жеткізеді

3

Салымды мобильді қосымшада, банктік аударыммен немесе қолма-қол ақшамен терминалдар арқылы толтырыңыз

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін
×

Заявка не принята в обработку, в связи с несоответствием требованиям Банка по потребительскому кредиту физических лиц

Жиі қоялатын сұрақтар
Депозитті қалай ашуға болады?

Жеке кабинетте «депозиттер» бөлімінде «Депозит ресімдеу» батырмасын басу керек. Депозит ашу туралы өтініш ашылады, онда Сізге қолайлы шарттарды таңдау және барлық өрістерді толтыру қажет. Депозит дереу ашылады. Депозиттер бойынша шарттар туралы толығырақ ақпаратты мына жерден көруге болады. мұнда.

Депозитті ашқанда келесі өрістерге назар аударыңыз:

Салымды төлеу кезеңі (күндер) – мерзімінен бұрын бұзу кезінде салымды төлеу 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін немесе 0 болса бірден жүргізіледі.

Мерзімінен бұрын бұзу кезінде пайыздарды есептеу – егер 0% болса, онда барлық есептелген/капиталдандырылған сыйақы салым сомасынан ұсталады, барлық сыйақы жойылады. Егер пайыздық мөлшерлемеге тең мөлшерде мөлшерлеме тұрса, онда сыйақы салымды нақты салу мерзімі үшін көрсетілген мөлшерлеме бойынша төленеді.

Депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме қандай?

Депозиттер бойынша мөлшерлемелер туралы толық ақпарат мұнда.

Депозиттер бойынша сыйақы қалай есептеледі?

Депозит бойынша сыйақы депозит түріне байланысты күн сайын, ай сайын және мерзім соңында есептеледі. Депозиттер бойынша тарифтер туралы толығырақ ақпара мұнда.

Депозит бойынша қанша пайыз есептелгенін қалай білуге болады?

Есептелген пайыздарды Altyn-I сервисіндегі жеке кабинетте немесе банк кеңсесінде тексеруге болады. Altyn-i сервисінде таңдалған депозитте «операциялар тарихын» басып, қажетті кезеңді таңдау қажет, сондай-ақ сүзгі бойынша іздеу үшін белгілі бір шарттарды қоюға болады.

Немесе біздің банктің кеңселеріне хабарласыңыз.

Депозитті қандай мерзімге ашуға болады?

Депозитті бір айдан үш жылға дейінгі мерзімге ашуға болады. Депозиттер бойынша тарифтер туралы толығырақ ақпарат мұнда.

Депозиттен ақшаны қалай шешіп алуға болады?

Жеке кабинетте «Депозиттер» бөліміне өту. Керек депозитті таңдап, «Ішінара шешіп алу» функциясын басып, дебеттік картаға аудару керек. Қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу.

Менің депозитім бойынша шарттарды (мөлшерлемені, аяқталу мерзімін және т. б.) қалай қарауға болады?

Altyn-i сервисіндегі жеке кабинетте таңдалған депозит бойынша барлық шарттар көрсетілетін «бөлшектерді қарау» пернесін басу қажет.

Депозиттен ақшалай қаражатты ішінара шешіп алғанда айыппұл қарастырылған ба?

Депозит түріне байланысты ішінара шешіп алғанда айыппұл қарастырылуы да, қарастырылмауы да мүмкін. Талаптарды  мұндабілуге болады. Қажет болғанда Facebook және Instagram ресми беттеріндегі +77273305777+77273565777 телефон нөмірлері бойынша Банктің қолдау қызметімен хабарласуға немесе +77713305777 нөміріне WhatsApp-қа хабарлама жазуға болады.

Депозит бойынша шартты мерзімінен бұрын тоқтатқанда қандай талаптар бар?

Депозит түріне байланысты ішінара шешіп алғанда айыппұл қарастырылуы да, қарастырылмауы да мүмкін. Талаптарды  мұндабілуге болады. Қажет болғанда Facebook және Instagram ресми беттеріндегі +77273305777+77273565777 телефон нөмірлері бойынша Банктің қолдау қызметімен хабарласуға немесе +77713305777 нөміріне WhatsApp-қа хабарлама жазуға болады.

Қанша депозит ашуға болады?

Депозиттер саны бойынша шектеулер қарастырылмаған.

Депозитті толтыруға шектеулер бар ма?

Қосымша жарна мүмкіндігі таңдалған депозит депозит түріне байланысты. Депозиттер туралы ақпаратты   мұнда.

Депозит ашу үшін қандай ең аз сома қажет?

Депозит түріне байланысты ең аз сома туралы ақпарат   мұнда.

Капиталдандыру деген не?

Капиталдандыру – бұл жиналған пайыздарды негізгі салымға дүркін-дүркін қосып есептеу, яғни пайызға пайыз есептеу.

Депозит бойынша шарттың автоматты түрде өзгертілуі мүмкін бе?

Егер клиент шартқа қол қойғанда «Ұзарту» қанат белгісін қойған болса, депозит автоматты түрде ұзартылуы мүмкін. Егер клиент ұзартуға қанат белгі қоймаған болса, шарт мерзімінің аяқталу күні депозиттен ақша оның шотына дереу өтеді.

Депозитті қалай жабады?

Егер клиент депозит бойынша шартқа қол қойғанда ұғартуды таңдамаған болса, шарт мерзімінің аяқталу күні дпозит автоматты түрде жабылады да ақша клиент шотына өтеді. Депозит бойынша шартты мерзімінен бұрын тоқтатқанда клиентке жеке кабинетте «Депозиттер бөліміне кіру қажет. Керек депозитті таңдап, «Депозитті жабу» батырмасын басу. Ақша депозит талаптарына байланысты клиент шотына аударылады. білуге болады. Қажет болғанда Facebook және Instagram ресми беттеріндегі +77273305777+77273565777 телефон нөмірлері бойынша Банктің қолдау қызметімен хабарласуға немесе +77713305777 нөміріне WhatsApp-қа хабарлама жазуға болады.”

«Алтын қор» депозит бойынша шарттар (мерзімділік талаптарына сәйкес келмейтін салым)

Салым валюталары KZT USD EUR GBP
Салым мерзімі 1-12 ай 24 ай 36 ай 36 ай 1-12, 24, 36 ай 1-12 ай 1-12 ай
Жылдық мөлшерлеме 14,40% 9,10% 8,65% 8,65% 1,00% 0,10% 0,05%
Тиімді мөлшерлеме 15,5% дейін 9,50% 9,00% 9,00% 1,00% 0,10% 0,05%
Ең төменгі сома/ төмендетілмейтін қалдық 10 000 KZT 25 USD 2 000 EUR 2 000 GBP
Қосымша жарналар мүмкіндігімен иә
Бөліп алу мүмкіндігімен төмендетілмейтін қалдыққа дейін рұқсат етіледі
Автоматты ұзарту иә / жоқ – клиенттің қалауы бойынша
Сыйақы төлеу кезеңділігі – Altyn-i сервисінде ашылған кезде: күн сайын/ай сайын KZT үшін
ай сайын USD, EUR, GBP үшін
– филиалда ашылған кезде: ай сайын KZT, USD, EUR, GBP
Шотқа сыйақы төлеу / депозитке есептеу мүмкіндігі депозитке жіберіледі
Салымды толық/ішінара мерзімінен бұрын алып қою шарттары Сыйақы депозитті орналастырудың нақты кезеңі үшін төленеді, депозит клиент өтініш берген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді.
Депозитке кепілдіктің ең жоғары (лимиттік) сомасы теңгедегі депозиттер бойынша – 10 000 000 теңге USD, EUR, GBP депозиттері үшін – 5 000 000 теңге

Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 01.11.2022ж. өткізілген мәжілісінің № 01112022 хаттамасымен бекітілген, 02.11.2022ж. бастап қолданысқа енгізілген.

«Резерв» депозиті бойынша шарттар (Жинақ салымы)

Салым валюталары KZT USD
Салым мерзімі 3 ай  6 ай 12 ай 24, 36 ай 12, 24, 36 ай
Жылдық мөлшерлеме 16,20% 15,40% 14,05% 10,70% 1,00%
Тиімді мөлшерлеме 17,50%  16,5% дейін 15,00% 11,20% 1,00%
Ең төменгі сома/ төмендетілмейтін қалдық 10 000 KZT 25 USD
Қосымша жарналар мүмкіндігімен жоқ
Бөліп алу мүмкіндігімен жоқ
Автоматты ұзарту жоқ
Сыйақы төлеу кезеңділігі KZT салымдары үшін – ай сайынғы сыйақы төлеу, USD салымдары үшін – мерзім соңында
Шотқа сыйақы төлеу / депозитке есептеу мүмкіндігі депозитке жіберіледі
Салымды толық/ішінара мерзімінен бұрын алып қою шарттары есептелген сыйақы төленбесе, депозит клиент өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен ерте емес төленеді
Депозитке кепілдіктің ең жоғары (лимиттік) сомасы теңгедегі депозиттер бойынша – 20 000 000 теңге USD депозиттер үшін – 5 000 000 теңге

Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 01.11.2022ж. өткізілген мәжілісінің № 01112022 хаттамасымен бекітілген, 02.11.2022ж. бастап қолданысқа енгізілген.

«Резерв+» депозиті бойынша шарттар (Жинақ салымы)

Салым валюталары KZT USD
Салым мерзімі 3 ай  6 ай 12 ай 24, 36 ай 12, 24, 36 ай
Жылдық мөлшерлеме 15,8% 14,97% 13,2% 10,7% 1,0%
Тиімді мөлшерлеме 17,0% 16,0% 14,0% 11,2% 1,0%
Ең төменгі сома/ төмендетілмейтін қалдық 10 000 KZT 25 USD
Қосымша жарналар мүмкіндігімен иә
Бөліп алу мүмкіндігімен жоқ
Автоматты ұзарту жоқ
Сыйақы төлеу кезеңділігі KZT салымдары үшін – ай сайынғы сыйақы төлеу, USD салымдары үшін – мерзім соңында
Шотқа сыйақы төлеу / депозитке есептеу мүмкіндігі депозитке жіберіледі
Салымды толық/ішінара мерзімінен бұрын алып қою шарттары есептелген сыйақы төленбесе, депозит клиент өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен ерте емес төленеді
Депозитке кепілдіктің ең жоғары (лимиттік) сомасы теңгедегі депозиттер бойынша – 20 000 000 теңге

USD депозиттер үшін – 5 000 000 теңге

Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 01.11.2022ж. өткізілген мәжілісінің № 01112022 хаттамасымен бекітілген, 02.11.2022ж. бастап қолданысқа енгізілген.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарлаймыз

Осы хабарламамен Банк өзінің олармен банк шоты және (немесе) банк салымы шартын жасасқан жеке тұлға клиенттеріне (бұдан әрі – салымшылар) Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі енгізілетіні туралы хабарлайды.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі:

  • Банк олармен банк шоты және (немесе) банк салымы шартын 2021 жылғы 30 сәуірден кейін жасасқан, сондай-ақ
  • олар үшін бұрын жасалған банк шоты және (немесе) банк салымы шартының әрекет мерзімі 2021 жылғы 1 мамырдан жаңа мерзімге ұзартылған салымшыларға қатысты қолданылады.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі салымшылармен кепілдік берілген өтемді алудың екі тәсілін көздейді: (1) агент банкінде және (2) электронды нысанда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚДКҚ) электронды төлемдер жасау порталы немесе «электронды үкімет» порталы арқылы. Сонымен бірге кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі төлем басталған күннен бастап бір жылмен шектеледі.

Агент банктер тізімін, төлем жасау кезеңі мен орындарын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемдерді төлеу басталған күні туралы ҚДКҚ салымшыларына банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күн аралығында хабарлайды.

Төлемдер жасалған күннен бастап бір жыл ішінде салымшылар кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінбеген болса, ҚДКҚ олар талап етпеген сомаларды олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордағы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады.

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі туралы хабарламаның мәтінімен танысу үшін Сіз келесі сілтеме бойынша өте аласыз:

Хабарлама

Кепілдік берілген өтемді төлеудің жаңа тәртібі 2021 жылғы 1 мамырдан кейін барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктердің депозиттері бойынша, сондай-ақ олардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдер қазіргі уақытта төленіп жатқан, және оларға қатысты кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 мамырға дейін белгіленген банктердің депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдерді төлеуге қатысты қолданылатын болады.

Төленетін кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы:

  • ұлттық валютадағы жинақтаушы салымдар (депозиттер) бойынша 20 миллион теңгені;
  • ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңгені;
  • шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 5 миллион теңгені (банк лицензиядан айырылған күнге белігленген валютаны айырбастау бағамы бойынша баламада) құрайды.

Депозиттерге кепілдік беру мәселесі бойынша, сонымен қоса кепілдік берілген өтемді алу тәртібі бойынша қосымша ақпаратты салымшылар банк мамандарынан +77273565777 нөмірі бойынша немесе ҚДКҚ-дан тікелей 1460 колл-орталығының телефоны бойынша алады.

Депозит ашу бойынша жадынама
Салымды қалай ашуға болады?

Егер Сіз әлі біздің клиент болмасаңыз

1. Altyn-i қосымшасында

  • Altyn-i мобильді қосымшасын жүктеп, орнатыңыз Google Play, App Store
  • Тіркеуден өтіп, шотты толтырыңыз
  • «Басты бетте» «Жаңа депозит ашу» батырмасын басыңыз, Сіз үшін пайдалы депозит шарттарын таңдаңыз, өтінім жолдаңыз және жауап алыңыз

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондар бойынша Қолдау қызметіне хабарласыңыз: +77273305777+77273565777.

2. Келесі мекенжайлар бойынша біздің Банктің кеңселеріне хабарласыңыз:

  • Алматы:
  • Достық даңғылы, 43
  • Төле би көшесі, 101
  • Астана:
  • Мәңгілік ел даңғылы, 20 “Palazzo degli Affari” БО
  • Атырау:
  • Студенттік даңғылы, 52-үй (“Адал” БО),
  • Ақтау:
  • №4 ықшам ауданы, 7- үй (Holiday Inn қонақ-үй – кенсе кешені)
  • Шымкент:
  • Қонаев даңғылы, 13:

Егер Сіз біздің клиент болсаңыз

  • 1. Жеке кабинетте браузер арқылы немесе Altyn-i қосымшасының көмегімен авторландырыңыз
  • Сізде депозит ашу үшін ең төменгі сома бар екеніне көз жеткізіңіз (ашудың ең төменгі сомасы: 10 000 KZT; 25 USD; 2 000 GBP; 2 000 EUR)
    • Браузер арқылы жеке кабинетке кірсеңіз: «Басты бетте» «ДЕПОЗИТТЕР» блогындағы «+» батырмасын басыңыз, шарттарды таңдаңыз, өтінімді жіберіңіз және депозит ашыңыз
    • Егер Altyn-I қосымшасы арқылы жеке кабинетке кірсеңіз «Басты бетте» «Жаңа депозит ашу» батырмасын басыңыз, депозит шарттарын таңдаңыз, өтінім жолдаңыз және депозит ашыңыз
  • 2. Келесі мекенжайлар бойынша біздің Банктің кеңселеріне хабарласыңыз:
  • Алматы:
  • Достық даңғылы, 43
  • Төле би көшесі, 101
  • Астана:
  • Мәңгілік ел даңғылы, 20 “Palazzo degli Affari” БО
  • Атырау:
  • Студенттік даңғылы, 52-үй (“Адал” БО),
  • Ақтау:
  • №4 ықшам ауданы, 7- үй (Holiday Inn қонақ-үй – кенсе кешені)
  • Шымкент:
  • Қонаев даңғылы, 13:
Салымды қалай толтыру керек?
  • Салымды ашу үшін қол жетімді теңгерімі бар ағымдағы шот болуы қажет, ағымдағы шотты Сіз үшін ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруға болады:
  • – Банк бөлімшелерінде: жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда теңгемен және валютамен қолма-қол ақшамен – комиссиясыз.
  • – «Halyk Bank» АҚ-ның терминалдар мен банкоматтар желісінде: терминалдарда теңгеде қолма-қол ақшамен, ақша қабылдау функциясы (cash-in функциясы) бар банкоматтарда, теңгемен және валютамен (USD, EUR). Біздің банк шотының толық нөмірін (IBAN) енгізу қажет (KZ…), немесе мәліметтерді енгізбестен, біздің банктің карточкасы болған жағдайда-комиссиясыз. Банкоматтар мен терминалдардың мекен-жайлары: https://halykbank.kz/branches_atm сүзгі бойынша қажетті банкоматты таңдауға болады (USD/EUR қабылдау; 24/7 жұмыс).
  • -Қолма-қол ақшасыз аудару: ҚР кез келген банкінен бөлімше арқылы немесе интернет сервис арқылы біздің Банктің деректемелеріне:

  • Банк – «Altyn Bank» АҚ
    БИК / SWIFT: ATYNKZKA
    БСН: 980740000057
    Алушының аты-жөні
    Алушының ЖСН
    Алушының шоты: (IBAN) (KZ…)
    КБЕ: алушының коды (19-резидент; 29-резидент емес)
    ТТК: төлем тағайындау
  • Аударым үшін комиссияны жіберуші банк немесе сервис белгілейді, біздің банкте кіріс төлемі үшін комиссия жоқ.
  • -ҚР кез келген банктерінің карталары арасындағы аударымдар: интернет сервис немесе ҚР банктерінің банкоматында теңгемен және АҚШ долларымен қолма-қол ақшасыз аудару. Аударым карточкалар болған жағдайда, кез келген банктің картасынан Altyn-i картасына аудару жолымен жүргізіледі.

    Аударым сомасы бір жолғы аударым үшін 2500 АҚШ долларына тең теңгедегі сомадан және ағымдағы бағам бойынша тәулігіне 10 000 АҚШ долларына тең теңгедегі сомадан аспауы тиіс. Банктердің аударым сомасы мен саны бойынша жеке шектеулері қосымша болуы мүмкін. Біздің Банктің интернет сервисінде жіберілген Комиссия: аударым сомасынан 1% (кем дегенде 250 теңге).

  • -«Suńqar» жедел аударымы: ұялы телефон нөмірі бойынша теңгемен ЦентрКредит Банкінен (тегін) және Еуразиялық банктен (250 теңге комиссия) аударуға болады. Максималды сома тәулігіне және бір реттік операция үшін 500 000 теңге.
  • -SWIFT халықаралық аудармасы: аударым сомасы бойынша шектеусіз, кез келген валютада, кез келген елден. Аударым үшін комиссияны жіберуші банк немесе сервис белгілейді. Аударым үшін жіберу және алу үшін ағымдағы шоттар болуы қажет. Аударымды алу үшін біздің банктің деректемелері: қолма-қол ақшасыз аударым бөлімінен қараңыз.
  • Депозитті ашқанда келесі өрістерге назар аударыңыз:
  • Салымды төлеу кезеңі (күндер) – мерзімінен бұрын бұзу кезінде салымды төлеу 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін немесе 0 болса бірден жүргізіледі.
Өтемақыны жоғалтпай, 24.02.2023 жылдан бастап өтелетін депозиттен ақша алуға бола ма?

2023 жылдың 24 ақпанынан бастап сіз бағдарламаға қатысатын ақшаны ішінара ала аласыз, салымды (келісім шарттарына сәйкес) тоқтата аласыз. Өтемақы мөлшері 2022 жылғы 23 ақпаннан 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы кезеңге белгіленген.

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптары қандай депозитерге қолданылады?
  • 02.2022 жылғы жағдай бойынша ағымдағы салымдары болған, оны 23.02.2023 жылды қоса алғандағы мерзімге дейін сақтау шартымен теңгемен орналастырылған мерзімді және жинақ ақша депозиттері
  • Өтемақы төлеу қағидалары ағымдағы және карта шоттарына, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдарға және шартты салымдарға, сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттерге қолданылмайды.
Өтемақы қашан және кімге төленеді?

– Өтемақы 23.02.2023 жылдан кейін төленеді

– Өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент салымшыларына салым мерзімі бітпесе немесе 23.02.2023 жылды қоса алғандағы кезеңге бір немесе бірнеше рет ұзартылған жағдайда жүзеге асырылады.

– Депозит 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде толығымен алынса, мерзімінен бұрын жабылса, өтемақы төленбейді.

Өтемақы қандай көлемде төленеді?

– 23.02.2022 жылғы күннің аяғындағы жағдай бойынша салымдағы қалдық соманың 10% мөлшерінде

– Салым ішінара алынса, 23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 жылға дейін 12 ай ішінде салым қолданыста болған бүкіл кезеңге ең төмен қалдық сомасы мөлшерінде

Ішінара алынған жағдайда өтемақы есептеу мысалы:

23.02.22 – депозиттегі қалдық 100 000 теңге

18.04.22 – депозиттен 60 000 теңге ішінара алынды, депозиттегі қалдық 40 000 теңге.

20.06.22 – депозит 500 000 теңгеге толтырылды, депозиттегі қалдық 540 000 теңге

Өтемақы төлеу күні – 23.02.2023 ж. келді – депозит қолданыста болған бүкіл кезеңдегі ең төмен қалдық алынады – берілген мысалда ол 40 000 теңгені құрайды, содан кейін ең төменгі қалдық сомасына 10% көлемінде өтемақы, яғни 4 000 теңге есептеледі.

Өтемақы алуға қандай талаптар қойылады?

2023 жылдың 10 ақпанына дейін Банк филиалдарында немесе Altyn-i сервисінің жеке кабинетінде талап етілген үлгіде өтемақы алуға келісім беру туралы өтініш ресімдеу қажет. Келісім беру туралы өтініш бермеген депозиторларға өтемақы төленбейді.

– Өтемақы есептеудің міндетті шарты болып депозитті 2023 жылдың 23 ақпанын қоса алғандағы мерзімге дейін сақтау табылады.

– Егер  салым мерзімі 23.02.2023 ж. күнінен ерте бітсе, онда клиенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.

Клиент өтінішті келесі жолдармен еркін үлгіде бере алады:

  • филиалда
  • жеке кабинетте

– Өтемақы төлеу туралы қағидалар күшіне енген күннен бастап Қағидалардың шарттарына сай келетін барлық депозиттерді Банк келісім-шарт талаптарына сай, Қағидалардың талаптарына сәйкес ұзартады.

– 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялар жүргізетін күннің аяғында қолданыстағы, мерзімі біткен және 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 қазанды қоса алғандағы кезеңде ұзартылмаған депозиттегі ақша салымшының келісімімен кемінде 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы мерзімге жаңа депозитке орналастырылады, бұл ретте келесі шарт орындалуы тиіс: 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялар жүргізетін күннің аяғында қолданыста болған депозит мерзімі біткеннен кейін және жаңа депозитке орналастырылғанға дейін ақша:

депозитормен (салымшымен) алынбаған;

шетел валютасына айырбасталмаған

Мысал:

Клиенттің 3 ай мерзімге ашылған депозиті бар, клиент автоматты түрде ұзартуға өтініш бергенде өтемақы төлеу мерзімі 23.02.2023 ж. келгенге дейін салым әр үш ай сайын ұзартылып отырады. Әрі қарай келісім-шарт талаптарына сәйкес клиент қаласа, автоматты түрде ұзартуды қайтадан тоқтата алады; депозитін пайдалана алады немесе мерзімінен бұрын жаба алады.

Өтемақы төлемінің ең жоғары сомасы қандай?
  • Салымшының бір банкте екі немесе одан да көп салымы болса, өтемақы барлық салымдарға есептеледі, өтемақы есептеу және төлеу үшін барлық депозиттердегі ең жоғары сома 20 млн. теңгені, ал ең жоғары өтемақы сомасы тиісінше 2 млн. теңгені құрайды. Клиенттің бірнеше банкте әрқайсысы 20 млн. теңгеден депозиттері болса, онда клиент салымы орналастырылған әр банкте 2 млн. теңгеден өтемақы алады.
Өтемақыны кім төлейді?

– Өтемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

– Өтемақы салымшылардың ағымдағы шоттарына аударылады.

Қосымша сұрақтарыңыз қалды ма?

– Өтемақы төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына +7 727 356 57 77 және WhatsApp +7 771 330 57 77 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.

– Қағидалар https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14131971 сайтында орналастырылған.