Қайта құрылымдауды ұсыну шарттары:
1. Қандай құжаттар қажет?
Қайта құрылымдауды алу үшін қаржы жағдайының нашарлауына әкеп соққан мән-жайларды растайтын құжатты (құжаттарды) қоса бере отырып, несие бойынша сұратылып отырған қайта құрылымдаудың себебін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш жіберу қажет;
2. Банк өтінішті қалай қарайды?
Өтініштер барлық мән-жайларды ескере отырып қаралатын болады, осыған байланысты Сізден ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруді сұраймыз.
Оны жасауға болады:
- Altyn-i мобильдік бағдарламасы арқылы;
- Электрондық поштасы арқылы өтініш арқылы; info@altyn-i.kz, collections@altynbank.kz;
- Банк бөлімшелері арқылы жазбаша түрде өтініш беру
Өтініштерді қарау мерзімі -15 күнтізбелік күн.
3. Кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы есептеле ме?
Берілген қайта құрылымдау кезеңі үшін банк сыйақы есептейтін болады (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сүйене отырып есептелген).
Сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлау фактісі расталмаған жағдайда , банк қайта құрылымдаудан бас тартуы мүмкін.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 727 356 57 77 (жауап бергеннен кейін 1 түймесін басыңыз)
Қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары
ҚР АК, АІЖК нормаларына және «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) Бөлшек клиенттерге банктік қызмет көрсетудің кешенді шартына сәйкес, банк мынадай шараларды қабылдайтын болады:
- Қарыз шартын және ҚР заңнамасының нормаларын орындау бойынша міндеттемелерді бұзған Банк қарыз алушыларына қатысты, қарыз алушылардың атына талап, мерзімі өткен берешекті өтеу туралы хабарлама жіберу жолымен дауды сотқа дейін реттеу шаралары қолданылатын болады.
- Мерзімі өткен берешекті өтеу болмаған жағдайда, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қарыз алушыға қатысты банк мерзімі өткен негізгі борыш сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық жазбаны жасау туралы тиісті өтінішті нотариустың атына жібереді, оны кейіннен Банк Жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға ұсынуы тиіс. Жасалған атқарушылық жазбаға қарыз алушы келіспеген жағдайда, қарыз алушы «Нотариат туралы» ҚР Заңына сәйкес атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың атына қарсылық беру арқылы атқарушылық жазбаның күшін жоюға құқылы.
- Атқарушылық жазбаның күші жойылған жағдайда, Банк мемлекеттік бажды және сотта іс жүргізуге байланысты шығындарды қоса алғанда, сот шығыстарын және Банктің өзге шығыстарын Қарыз алушының шотына, оның ішінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Қарыз алушының мүлкінен өндіріп алу жолымен жатқыза отырып, берешекті өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.
Банк Қарыз алушы және/немесе Несие туралы кез келген қажетті ақпарат пен құжаттарды үшінші тұлғаларға, оның ішінде коллекторлық агенттіктерге бере отырып, Кешенді шартқа сәйкес мерзімі өткен Несиелік шарттар бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өз құқықтары мен міндеттерін беруге құқылы екенін қосымша хабарлаймыз.