АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Банктік шоттар
Теңгедегі және шетел валютасындағы ағымдағы шоттар: АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі, Ағылшын фунт стерлингі, Қытай юані, Швейцария франкі, Жапон йенасы және Altyn Bank келісімі бойынша басқа да валюталар.
Жинақ шоттарында теңгемен және шетел валютасында еркін өтімділікті орналастыру үшін валютаның түріне, салымның сомасы мен сақталу мерзімдеріне байланысты сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің икемді жүйесі бар.
Корреспонденттік шоттар сенімді шетелдік банктермен қысқа мерзімде шетел валютасында төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді азайтуға және шотқа ақша сала отырып шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауға арналған келісімшартты басқарудағы ағымдағы шот немесе эскроу шот. Ақшаны босатуды Банк тараптар арасында (сатып алушы, сатушы, банк) келісілген шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырады.
Аударымдар мен төлемдер
Теңгемен:
Клиенттің қарсы серіктестерінің пайдасына жасалатын төлемдер;
Банк ішіндегі тегін есеп айырысулар;
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу;
Салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу.
Шетел валютасында:
Әлемнің ірі банктерімен корреспонденттік қатынастардың болуы клиенттің мәмілелерін әлемдік валюталардың көпшілігінде өңдеуге мүмкіндік береді.