Құрметті Клиенттер!
«Алтын банк» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) (бұдан әрі – Банк) табыстар мен гүлденуді тілейді!
Сізге 18 қараша 2019 ж. №18112019 активтерді және пассивтерді басқару Комитетінің шешімімен 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке тұлғалардың жинақ салымдарына жаңа мөлшерлемелер мен ұлттық валютада сыйақы төлеу шарттары қолданылатыны туралы хабарлаймыз. 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін ашылған ұлттық валютадағы жинақ салымдарында автоматты ұзарту жойылады.