“AQR нәтижелері AltynBank тұрақты қаржылық жағдайын растады.AQR жүргізу күні бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі ең аз мәні 7,5% болғанда 19,4% құрады. Қорытынды шығарылғаннан кейін капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәні өзгеріссіз қалды, капитал қоры 11,9% құрайды, қосымша провизияларды қалыптастыру қажеттілігі жоқ.
Өтімділік қорының және капиталдың жеткіліктілігінің жоғары көрсеткіштері банк сенімділігінің жоғары дәрежесін көрсетеді, бұл сондай-ақ банктің халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтерімен де расталады. Altyn Bank қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге (Fitch – “”BBB-“”, Moody ‘ s – “”Ba1″”) ие.
“”AQR қорытындысы Altyn Bank реттеуші талаптарын қатаң орындағанын көрсетті. Активтердің жоғары сапасы, кредиттік рейтингтер және қызметтердің технологиялылығы сияқты біздің даусыз артықшылықтарымыз бізге банктің одан әрі дамуы үшін үлкен мақсат қоюға мүмкіндік береді””, – деп түсіндірді “”Altyn Bank”” АҚ Басқарма Төрағасы Марат Әлменов.
(AQR) активтерінің сапасын бағалауды халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен пруденциялық реттеу негізінде тәуелсіз аудиторлық компанияларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізді. AQR рәсімі Қазақстан банктері активтерінің нақты құны туралы ақпаратты валидациялау үшін, бизнес-процестерді реттеу режимін және тиімділігін жақсарту үшін, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің сенімділігін растау үшін қажет болды.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұған дейін «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді. «Altyn Bank» АҚ универсалды коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсетеді, актив өлшемдері бойынша 13-ші орынға ие, сондай-ақ қазақстандық коммерциялық банктер арасында үздік жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш рет жеке тұлғаларға арнап толық қаржы қызметтерінің спектрі көрсетілген Altyn-i толық сандық банкін ашты. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және де АХҚО филиалы мен Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)
Светлана Савенко
Маркетинг басқармасы
Тел.: +7 (727) 356 62 73, (ішкі 30 537)
E-mail: Svetlana.Sa@altynbank.kz”