“Altyn-i Global Finance журналының халықаралық премиясының «Қазақстандағы ең үздік цифрлық банк» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Салтанатты церемония Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтті.
Global Finance банктерді таңдаған кезде келесі факторларды назарға алады: цифрлық банкке клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсетудің стратегиясы, пайдаланушылар базасының артуы, цифрлық өнімдердің кең таңдауы мен функционалдылығы, сонымен бірге мобильді қосымша мен сайттың дизайны, сонымен бірге оларды пайдаланудың қарапайымдылығы.
«Цифрлық банкингтің болашағы керемет, сол себептен біз клиенттерімізге жоғары технологиялық, ыңғайлы және жылдам сервисті ұсынуға тырысамыз, себебі біз үшін клиенттеріміз өз қаражатын кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен бақылауы және басқаруы өте маңызды. Бізге Global Finance журналынан осындай марапатты алу өте үлкен құрмет. Мұндай марапат банк дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығын білдіреді» – деді өз сөзінде «Altyn Bank» АҚ-ның Басқарма төрағасы Марат Альменов.
Қазақстандағы алғашқы цифрлық банк бөлімшелердің болмауына байланысты клиенттерге төмен тарифтермен банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Онлайн режимде шоттарды ашу, кредиттерді ұсыну, депозиттерді, дебеттік және кредит карталарын ашу секілді қызметтер көрсетіледі. Тіркеу рәсімі өте қарапайым және кез келген қызметке өтінімді жіберу және өңдеу 7 минут уақытты алады. Екі жыл ішінде Altyn-i клиенттік базасы 3 000-нан 74 000 пайдаланушыға артты. Күн сайын жүйеде шамамен 170 жаңа пайдаланушы тіркеледі.
Global Finance премиясының жеңімпаздары Африканың, Азия мен Тынық мұхит өңірінің, Орталық және Шығыс Еуропаның, Латын Американың, Таяу Шығыстың, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның 150-ден аса мемлекеттерінің қаржылық ұйымдарының арасынан таңдалынады.
Global Finance журналы 1987 жылдан бастап шығарылады және әлемнің 191 мемлекетінде 50 мыңнан астам оқырмандары бар. Журналдың негізгі аудиториясына инвестициялық және стратегиялық шешімдерді қабылдайтын ірі халықаралық корпорациялардың және қаржылық ұйымдардың топ-менеджерлер, сонымен бірге портфельдік инвесторлар кіреді. Журнал өз оқырмандарына әлемдік қаржылық нарықтар бойынша аналитикалық материалдар мен шолуларды ұсынады. Журналдың штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.
Анықтамалық ақпарат:
Бұған дейін «HSBC Банк Казахстан» АҚ ретінде танымал болған «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) Қазақстанның қаржы нарығында 20 жыл жұмыс істеп келеді. Банк коммерциялық банктердің арасында активтердің көлемі бойынша 14 орынға табан тіреген және ең жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba2”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш болып жеке тұлғаларға арналған қаржы қызметтерінің толық спектрін қамтитын толымды цифрлық Altyn-i банкті іске қосқан. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады, корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсетеді. Банктің Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласында 2 қосымша бөлімшелері бар.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)
Екатерина Купреева,
Маркетинг басқармасының басшысы
Тел.: +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)
E-mail: Ekatrina.K@altynbank.kz”