Altyn-i сандық банкі клиенттерді push-хабарландыруға өтуде

“Altyn-i сандық банкі клиенттерді хабарландырудың әдісін өзгертті, енді клиенттер жүзеге асырылған банктік операциялар туралы push-хабарламалар алатын болады.

Рush-хабарламалар деген не? Ол Сіздің Altyn-i қосымшадағы банктік шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін ұялы телефондағы қалқыма терезелер.

Рush- хабарламалардың артықшылықтары:

Үнемдеу. Шетелде отырып, роумингте SMS-хабарландырулар үшін ақша төлеу қажеттілігі жоқ. Push-хабарламалар толығымен тегін.
Клиенттің дербес деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуы. Хабарландыру жүйесіндегі өзгертулер банктің қашықтағы қызметтерінің бұдан әрі дамуымен және алаяқтық жағдайларды төмендетуімен байланысты. Push-хабарламалар Altyn-i қосымшасында сақталады, оған қолжетімділік қүпиясөзбен немесе телефон иесінің биометрикалық деректерімен қорғалған.
Шет коммуникациялық арналардан тәуелсіздік.
Жылдамдық. Push-хабарламалар клиентке бірден келеді.
Барынша толық ақпарат. Сіз Altyn-i жеке кабинетінде «Менің хабарламаларым» мәзірін ашып бұрын келген хабарламаларды көре аласыз.
Push-хабарламаларды алу сенімді құралды растаудан кейін қолжетімді болады. Әрбір клиентке үш құралдан қосуға мүмкіндік ұсынылады. Егер Сіз Өзіңіздің жеке компьютеріңізде жеке кабинетіңізде банктік операцияны жүргізетін болсаңыз, растау кодтар, сондай-ақ расталған ұялы телефонға push-хабарламалар арқылы жолданатын болады.

Ұялы құралды қосу үшін, Altyn-i жеке кабинетіне кіріп, «Баптаулар» мәзірін ашып, одан кейін «Менің құралдарым» қосымша парағын ашу қажет.

Өз төлемдеріңіз бен аударымдарыңыз туралы уақытылы хабардар болу үшін push-хабарламаларын іске қосыңыз.”