Altyn Bank Samsung Pay төлем сервисін бета-тестілеуге қатысады

“Altyn Bank Samsung Electronics-пен бірге өз клиенттеріне Samsung Pay төлем сервисін таныстырады, оның көмегімен дүние жүзі бойынша байланыссыз төлемдерді қабылдайтын кез келген терминалда Altyn Bank ұсынған Mastercard карталарымен сатып алуларды бір рет шерту арқылы төлеуге болады.

Іске қосылуына байланысты біз Samsung Рay-ді қосқан қатысушылар арасында үлкен ұтыс ойынын жариялаймыз. Карта ұстаушылар арасында Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірге әрбір екі апта сайын Samsung Galaxy Fold смартфонын ойнататын боламыз. Акция 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) өтеді.

Mastercard карталарын Samsung Pay-ге қосып, инновациялық смартфондардың ұтыс ойынына қатысыңыз.

 

Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?

Samsung Pay бета-тестілеудің қатысушысы болу
1. Samsung Pay қосымшасын орнату үшін, мына сілтемеге өтіңіз: https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/
2. Samsung Account үшін email мен смартфон моделін енгізіңіз.
3. GalaxyStore-дағы Samsung Pay парақшасын ашыңыз да, «Орнату» батырмасын басыңыз
Картаны қосу
1. Samsung Pay қосымшасын ашыңыз
2. Картаңыздың нөмірін және картаның сыртқы жағында көрсетілген үш таңбалы CVС кодын енгізіңіз.
3. SMS кодымен қосылуын растаңыз
4. Samsung Pay көмегімен ҚР аумағында 5000 KZT-ден басталатын сомаға сатып алуларды төлеңіз.
Жеңімпаз барлық қатысушылар арасында кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен таңдалады. Көп операция жасаған сайын, соғұрлым жеңіске жету мүмкіндігі жоғары!

Ерекше шарттары:
* Қорытынды шығару сәтінде карта банк жүйесінде жабылмауы тиіс;
* Карта Samsung Pay-ге қосылуы керек;
* Ұтыс ойынын өткізудің барлық кезеңінде бір қатысушы бір ғана жүлде ала алады.
Сәттілік тілейміз!”