“Бүгіннен бастап Altyn-i сандық банк клиенттеріне өзге қазақстандық банк клиенттерінің шотына ұялы телефон нөмірі бойынша теңгемен «Suńqar» лезде аудармалар жасау қызметі қолжетімді.
Altyn-i сандық банк клиенттерінің арасында ұялы телефон нөмірі бойынша ақша аудару қызметі 2016 жылдың 15 наурызынан бері сәтті жұмыс жасайды. Жаңа жобаны іске қосу арқасында аудармалар Altyn-i клиенттері мен ЦентрКредит, Еуразиялық банктарының клиенттері арасында мүмкін болды.
Енді Altyn-iклиенттері ұялы қосымша арқылы өзге банктердегі клиенттер шотына ұлттық валютада ақша аудара алады. Ол үшін ақша алушының ұялы телефон нөмірін көрсетіп, алушының банкін таңдап, аударма сомасын көрсету керек.
Алушы шотына ақша енгізу лезде болады. Әрі қарай қызметтің функционалы және қатысушы – банктер тізімі кеңейетін болады.
«Бүгінгі таңда Altyn Bank қаржы қызметтері саласында жаңартпа технологияларды енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Біз Қазақстанда ең алғаш Altyn-i сандық банкін іске қостық, оны белсенді түрде дамыту үстіндеміз және біздің клиенттеріміз үшін заманауи банк қызметтерін кеңейтуге мүдделіміз. Біліктілігі жоғары жобалаушылар командасының болуы Ұлттық банктің шапшаң аудармалар жүйесін сынап көру жобасына қатысуға жағдай жасады. Атап айтқанда, біз ұялы телефон нөмірі бойынша өзге қазақстандық банктің клиентіне аударма жасауды жүзеге асыруды рұқсат ететін ұялы қосымшамыздың түзетілуін іске асырдық. Жүйе сынақтан сәтті өтіп, енді сандық банк қызметтерінің тізімінде ұлттық валютада ақша жөнелтудің тағы бір қарапайым, жылдам және қауіпсіз тәсілі пайда болды. Қатысушы-банк клиенттерінің арасында «Suńqar» лезде аудармалар үлкен танымалдыққа ие болатындығына сенімдімін», – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Марат Әлменов.
Жоба Қазақстандық Банкаралық Есептесу Орталығымен (ҚБЕО) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (ҚР ҰБ) «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және жекелеген клиенттерге қызмет көрсетеді, активтерінің мөлшері бойынша 14-ші орынды алады және қазақстанның коммерциялық банктерінің арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтерінің толық спектрі бар алғашқы Altyn-i толық бағалы сандық банкті іске қосты. 4 бөлімшесі – Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматыда 2 қосымша бөлімшесіне ие.
Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)
Екатерина Купреева,
Маркетинг басқармасының басшысы
Тел.: +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)
E-mail: Ekatrina.K@altynbank.kz”