Altyn Bank қазақстан банктерінің ішінде ең бірінші болып «Астана» Халықаралық қаржы орталығында өз бөлімшесін тіркеді

“Қазақстандағы CITIC Bank еншілес банкінің бөлімшесі – «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) China CITIC Bank Corporation Limited және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы жасалған Меморандум шеңберінде тіркелген.

«Бұл «Бір белдеу – бір жол» бастамасы, сонымен бірге АХҚО халықаралық алаңының әрі қарай дамуы шеңберіндегі маңызды оқиға, – деп «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы – Марат ӘЛМЕНОВ атап айтты, – акционерлердің қорларымен нығайтылған мүмкіндіктерімізді ескеретін болсақ, Altyn Bank АХҚО құзіретінде тіркелген компаниялар үшін қызметтер ұсынуға дайын, соның ішінде есептік – кассалық қызмет көрсету, аударым операциялары, соның ішінде қытай юаньдарымен, ал келешекте – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) үшін есептік банк және кастодиан ретінде қызметтер көрсету».

АХҚО Altyn Bank бөлімшесі келесі қызметтерді көрсететін болады: АХҚО заңды тұлғалары үшін ағымдағы, жинақтаушы шоттарды, интернет – банкингін ашу және оларға қызмет көрсету, есептік – кассалық қызмет көрсету, инкассалау, несие беру, саудалық қаржыландыру, банк кепілдіктерін, аккредитивтерді ұсыну.

Келешекте CITIC Bank Банкаралық Төлемдердің Трансшекаралық Төлем Жүйесінің (CIPS) тәжірибелі және белсенді тура қатысушы бола отыра, өзінің еншілес банкі арқылы қытай юаньдарында төлемдерді өткізу процесін жылдамдату және жеңілдету үшін АХҚО тіркелген банктер үшін осы жүйеде жанама қатысу қызметтерін ұсынуға дайын. Altyn Bank CIPS жүйесінде жанама қатысуға өтінім жасады және АХҚО алаңында сәйкес қызметті ұсынатын болады.

Анықтамалық ақпарат:

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және жекелеген клиенттерге қызмет көрсетеді, активтерінің мөлшері бойынша 14 – ші орынды алады және қазақстанның коммерциялық банктерінің арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтерінің толық спектрі бар алғашқы Altyn-i толық бағалы сандық банкті іске қосты. 4 бөлімшесі – Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматыда 2 қосымша бөлімшесіне ие.

«Бір белдеу – бір жол» – 2013 жылдың қыркүйегінде ұсынылған ҚХР жетекшілігінің бастамасы, ол «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «XXI ғасырдың теңіз жібек жолы» жобаларын біріктіреді. Ол жағалай «дамудың экономикалық дәліздері» тұрғызылатын көліктік еуроазиялық бағыттарда орналасқан (қазірдің өзінде 40 аса құжаттарға қол қойылған) мемлекеттермен серіктестік туралы екіжақты меморандумды жасауды жобалайды.

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:

АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)

Екатерина Купреева,

Маркетинг басқармасының басшысы

Тел.: +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)

E-mail: Ekatrina.K@altynbank.kz”