Altyn Bank цифрлық теңгемен транзакциялар жүргізу үшін CBDC картасын шығарды

CBDC картасы Altyn Bank-тің Қазақстан Ұлттық Банкінің «Цифрлық теңге» пилоттық жобасына қатысуы аясында шығарылды.

Central Bank Digital Currency (CBDC) – елдің ұлттық валютасының цифрлық түрі. Мемлекеттік резервтермен немесе өзге активтермен қамтамасыз етіледі. Цифрлық теңге толығымен мемлекеттік органдармен бақыланады және реттеледі, оны белгілі бір юрисдикция шеңберінде ресми қаржылық транзакциялар жүргізу үшін қолдануға болады. Жүйе алаяқтық әрекеттерден жоғары қорғаныс дәрежесін және транзакцияларды жылдам әрі тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін блокчейн технологиялары негізінде құрылған.

Пилоттық жоба аясында Ұлттық банк, Ұлттық төлем корпорациясы және Visa компаниясы банктермен бірлесіп, цифрлық теңгенің өмірлік циклінің негізгі сценарийлерін – шығару мен таратудан бастап цифрлық теңгені пайдалану арқылы сауда жасау мен аударымдарға дейін жүзеге асырды.

«Біз қаржылық технологиялар саласындағы әлемдік үрдістерді мұқият бақылап, бизнес-үдерістерімізге инновацияларды белсенді енгіземіз. Жоғары білікті командамыздың болуы бізге Ұлттық банктің «Цифрлық теңге» жобасына қатысуға мүмкіндік берді. Жүйе сынақтан сәтті өтті, цифрлық теңге банк сервисіне кіріктірілді, соның арқасында жақын арада электронды төлемдердің тағы бір ыңғайлы және қауіпсіз әдісі пайда болады. Біз Қазақстанның қаржы жүйесінің тарихындағы осындай маңызды оқиғаға атсалысқанымызды мақтан тұтамыз», – деді. – деп атап өтті Марат Әлменов, «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы.

Altyn Bank ұсынатын CBDC картасы цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы Visa компаниясымен бірлестікте цифрлық форматта шығарылды. Ол өз иелеріне әдеттегі төлем картасының барлық артықшылықтарын пайдалана отырып, Цифрлық теңге шотындағы теңгерімнен төлем жасаудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

«Altyn Bank-тен Visa негізінде цифрлық теңгеге байланған цифрлық картаның шығарылуы ақша эволюциясының маңызды межесі болып табылады. Ақшаның жаңа нысандарының пайда болуымен біз үшін де, серіктестеріміз үшін де пайдаланушылар үшін барынша қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, үйреншікті төлем сценарийлерін сақтап қалу маңызды. Цифрлық теңгенің пайда болуы қолма-қол ақшасыз төлемдерге қолжетімділікті кеңейту және инновациялық қаржылық өнімдерді дамыту үшін мүмкіндіктер ашу арқылы елдің төлем инфрақұрылымының негізгі элементтерінің біріне айналады», – деді Вера Платонова, Visa Вице-президенті және Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері бойынша Аймақтық менеджері.

Altyn Bank ұсынған CBDC картасы оны ұстаушыларға өз қаражатын қалауынша басқаруға мүмкіндік береді: ақша аудару, Интернетте сауда жасау немесе жанасусыз төлемдер жасау.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 03.02.2020 жылғы № 1.2.23/194/33 лицензиясы.

Анықтамалық ақпарат:

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап коммерциялық банк. 6 филиалы бар: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау ққ..

Altyn-i – жеке тұлғаларға арналған цифрлық банк, Altyn Bank жасаған бренд. Басты артықшылықтары 24/7 жұмыс істейтін қызметтердің қолжетімділігі, икемді шарттар және инновациялық цифрлық мүмкіндіктер.