Altyn Bank халықаралық несиелеу нарығына шықты

“«Altyn Bank» АҚ «Белинвестбанк» (Беларусь) ААҚ бірлестірілген несие шеңберінде 3,5 миллион евроға қаржыландырды. Несиелік басқарушы және қатысушы-банкі ретінде Мәміленің ұйымдастырушысы Евразия даму банкі болып табылады. Сонымен қатар «НОВИКОМБАНК» (Ресей) АҚ АКБ, ТРАНСКАПИТАЛБАНК» (Ресей) Жария акционерлік қоғамы банкаралық синдикатына кірді.

Бір жылға берілетін несиенің жалпы сомасы 20 миллион евроны құрады. Қаражат Ресейден Беларуссияға тауарларды, жабдықтарды және қызметтерді жеткізумен байланыстырылған Белинвестбанк клиенттерімен сауда келісімдерін қаржыландыруға бағытталатын болады.

«Біз валюталық өтімділікті халықарлық нарықтарында орналастыруда қызығушылық танытамыз және бұл бағытты дамытуға жоспарлаймыз. Бұл біздің мемлекетаралық деңгейдегі бірлестірілген несиелеу шеңберіндегі алғашқы мәмілеміз және бұл тәжірибе бізге өте пайдалы болады», – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ Басқармасының Төрағасы Марат Альменов.

«Евразиялық даму банкі бірлестірілген несие ұйымдастырушысы ретінде алғашқы рет болып отыр. Әрине, біздің «қолшатыр» астында Беларусия, Қазақстан және Ресей банктерінің жиналғаны, біз үшін үлкен жетістік. Бөлінген қаражат ЕАДБ мемлекеттері арасында тауарлар мен қызметтердің қозғалуын қаржыландыруға бағытталғандығы өте маңызды»- деп атап өтті Евразия даму банкінің активтер және пассивтер бойынша басқарушы директоры Дмитрий Ладиков-Роев.

«Бірлестірілген несиенің жұмылдыруы Белинвестбанк ресурстық базасының әртараптандыруында кезекті қадам болды. Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарымен серіктестікті әрі қарай дамыту Беларусия экономикасына қосымша ресурстарды тартуға, соның ішінде болашақ экономикасының өсу драйверлерінің бірі болатын сегментті, біздің еліміздегі кіші және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді», – деп есептейді «Белинвестбанк» ААҚ Басқармасының Төрағасы Андрей Бриштелев.

Анықтамалық ақпарат:

Бұған дейін «HSBC Банк Казахстан» АҚ ретінде танымал болған «Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) Қазақстанның қаржы нарығында 20 жыл жұмыс істеп келеді. Банк коммерциялық банктердің арасында активтердің көлемі бойынша 14 орынға табан тіреген және ең жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba2”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш болып жеке тұлғаларға арналған қаржы қызметтерінің толық спектрін қамтитын толымды цифрлық Altyn-i банкті іске қосқан. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады, корпоративтік және бөлшек клиенттерге қызмет көрсетеді. Банктің Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласында 2 қосымша бөлімшелері бар.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы-мемлекеттердің нарықтық экономикасын, олардың тұрақты экономикасының өсуін дамыту және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында, 2006 жылдың қаңтар айында Ресеймен және Қазақстанмен бекітілген халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы АҚШ-тың 7 млрд. долларын құрайды. Банктің қатысушы-мемлекеттері – Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады.

«Белинвестбанк» ЖАҚ – Белларусь Республикасының жүйе құратын ірі банктерінің бірі болып табылады. Активтердің көлемі және ресурстық (клиенттік) базасы бойынша алты көшбасшылардың ішіне кіреді. Аймақтық кең базасы бар және еліміздің банктік төлем карталарының ірі эмитенттерінің бірі болып табылады. 26 жыл даму тарихында жинақтаған орасан зор тәжірибе мен дәстүрлер арқасында Белинвестбанк бизнесті жүргудің заманауи тәжірибесін енгізуімен ойдағыдай байланыстырады.”