“Елімізге төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты Altyn Bank күрделі қаржылық жағдайға тап болған клиенттерге қолдау көрсетуге дайын.
Банк Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұратын, 2020 жылғы 18 наурызға дейін төлем мерзімін өткізіп алмаған қарыз алушы-жеке тұлғаларға кепілсіз және кепілдік кредиттер бойынша төлемдерді бір ай мерзімге кейінге қалдыруды ұсынады. Банк барлық қажетті рәсімдерді дербес жүргізеді. Заңды тұлғалардың-Алтын банк клиенттерінің қарыздарға қызмет көрсетуіне қатысты мәселелері туындауына қарай, әрбір қарыз алушымен жеке шешілетін болады.
Карантин жағдайында AltynBank үшін негізгі басымдықтар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, біздің клиенттеріміздің, серіктестеріміздің және қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау, көрсетілетін қызметтердің сапасын қолдау болып табылады. AltynBank – цифрлық банк болғандықтан, біз қазақстандықтарға қашықтан 24/7 арналарында қызмет көрсетуді ұсынамыз. Клиенттер жеке тұлғаларға арналған Altyn-i цифрлық банкінің және заңды тұлғаларға арналған Altyn Online қызметтерін пайдалана алады. Банк қызметтері туралы ақпаратпен http://altyn-i.kz/ сайтында танысуға болады.
http://altyn-i.kz/
2020 жылдың 19 наурызынан бастап, карантинге байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Altyn Bank филиалы, АХҚО-дағы банк филиалы және Алматы қаласындағы банктің барлық бөлімшесі қоғамдық орындарда, оның ішінде банк бөлімшелерінде болу қажеттілігіне байланысты біздің клиенттеріміз бен қызметкерлеріміз үшін тәуекелді азайту мақсатында жабылатын болады. Клиенттерге жеке және заңды тұлғаларға арналған онлайн сервистердің кең мүмкіндіктері қолжетімді болады.
Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы Altyn Bank филиалдарының кеңселері 21-25 наурыз аралығында демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Үй-жайларда санитарлық өңдеу және дезинфекциялау шаралары күшейтілді. Клиенттерден қырағылық танытуды, қоғамдық орындарда жүргенде маскалар мен антисептикалық құралдарды пайдалануды сұраймыз.
Altyn Bank клиенттері Қазақстан аумағында кез келген банктің банкоматын пайдалана алады. Halyk Bank банкоматтарының ірі желісі, оның ішінде қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар (Cash-In) желілер, әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Для предоставления профессиональной консультации по вопросам, связанным с банковским обслуживанием, наши менеджеры c 9:00 до 16:00 дежурят в WhatsApp по номеру: +7 (771) 330-57-77. Телефон контакт-центра +7 (727) 356-57-77. Также клиенты могут писать личные сообщения на официальных страницах Altyn-i и AltynBank в социальных сетях и в личном кабинете мобильного приложения Altyn-i.
Заңды тұлғаларға толық ақпарат алуы үшін корпоративтік сервистің жеке менеджеріне телефон арқылы хабарласуларыңызды немесе customerservice@altynbank.kz адресіне сұраныс жолдауыңызды сұраймыз.
customerservice@altynbank.kz
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Аман-сау болыңыз.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұған дейін «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді. «Altyn Bank» АҚ универсалды коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсетеді, актив өлшемдері бойынша 13-ші орынға ие, сондай-ақ қазақстандық коммерциялық банктер арасында үздік жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш рет жеке тұлғаларға арнап толық қаржы қызметтерінің спектрі көрсетілген Altyn-i толық сандық банкін ашты. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және де АХҚО филиалы мен Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.”