“2016 жылы “”Altyn Bank”” АҚ жекелеген клиенттер үшін қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы алғашқы толыққанды Altyn-i сандық банкін іске қосты. Біздің клиенттеріміз банк өнімдерін пайдалана алады және өз қаржыларын өздеріне ыңғайлы уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен басқара алады. Altyni-і-дің физикалық бөлімшелері жоқ, барлық қызметтер 24/7 режимінде онлайн ұсынылады.
Altyn-i сандық банкінің жұмысы дәстүрлі банктің жұмысынан өзгеше, онда процестің негізі клиенттің менеджермен физикалық қарым-қатынасы болып табылады. Altyn-і цифрлық банкінде барлығы мобильді технологияларды пайдаланатын цифрлық алгоритмге негізделген, бұл банк қызметтерін қашықтан пайдалануға мүмкіндік береді.
Altyn-i – де шот ашу процесі барлық клиенттер үшін бірдей – бұл құжаттың заңдылығын тексеруге және мемлекеттік базалармен салыстыруға мүмкіндік беретін биометриялық сәйкестендіру. Барлық клиенттер «қара тізімде», «liveness» бар-жоғын тексеруден өтеді, қажет болған жағдайда Банк қызметкерлері бейне сұхбат жүргізеді. Бұдан әрі, ҚР заңнамасына сәйкес Банк іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиенттерді тиісінше тексеру бойынша шараларды жүзеге асырады. Қазақстанның деректер базасы мен халықаралық сервистерді интеграциялау тексеруді жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыдан кейін клиент шот ашып, банктің барлық қызметтерін пайдалана алады. Қазақстанда банктік шот ашудың міндетті шарты ЖСН болуы болып табылады.
Altyn-i-де клиенттің жеке басын онбординг, верификациялау және тексеру процесі инновациялық шешімдерді пайдалану кезінде жүреді, соның арқасында бірнеше минут ішінде барлық қажетті тексерулер жүзеге асырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде шоттарды ашу бойынша делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстардың жиі жариялануына байланысты Altyn Bank осындай қызметтерді көрсету бойынша қандай да бір ұйымдармен және жеке тұлғалармен ынтымақтастық орнатпайтынын хабарлайды. Біз дербес деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға, құжаттардың көшірмелерін немесе түпнұсқаларын ұсынуға кеңес бермейміз. Банк шотты тіркеу және ашу үшін ешқандай комиссия алмайды, Altyn-i сандық банкінде тіркеу процесі өте қарапайым және қауіпсіз.”