“Арнайы шот ашу және зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім беру Altyn-i цифрлық банкингінде жүзеге асырылады. Altyn Bank Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану бойынша уәкілетті оператор болып табылады.
Altyn Bank клиенттері БЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін өзінің тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін келесі мақсаттарда пайдалана алады:
бір келісімшарт аясында жылжымайтын мүлік сатып алуға және жөндеу жүргізуге Altyn Bank-тен ипотекалық несие алу үшін бастапқы жарнаны төлеу;
Altyn Bank-тегі ипотекалық несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
басқа банктегі ипоткалық несиені Altyn Bank-те қайта қаржыландыру
Жаңа клиенттерге Altyn-i мобилді қолданбасына тіркелу қажет. Бұрынғы клиенттер басты беттегі «Қаржы» бөлімінде арнайы шот аша алады. Арнайы шотты ашқаны, оған қызмет көрсетілгені және операциялар жүргізгені үшін комиссия алынбайды.
“”Біз цифрлық процесті банк бөлімшелеріне бармай-ақ қолдануға мүмкіндік жасауға тырыстық. Шот ашу және өтініш беру үшін клиент Altyn-i қосымшасында бірнеше қадамдар жасауы керек. Сондай-ақ біз таңдауға бірнеше ипотекалық кредит беру бағдарламаларын, оның ішінде мемлекеттік “”Баспана ХИТ”” және “”7-20-25″”бағдарламаларын ұсынамыз. Біздің мамандарымыз тиімді шарттарды таңдап, несиені барынша қысқа мерзімде рәсімдеуге көмектеседі””, – деп атап өтті “”Altyn Bank”” АҚ сандық банк департаментінің директоры Динара Әбдіқұлова.
Шот ашу және өтінім беру туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық сайтта орналастырылған http://altyn-i.kz/epv.html
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік клиенттер мен жеке клиенттерге қызмет көрсетеді, активтерінің мөлшері бойынша 13-ші орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – «BBB-», Moody’s – «Ba1»). «Altyn Bank» АҚ жеке тұлғаларға арналған қаржылық қызметтердің барлық шоғырына арналған Altyn-i толыққанды цифрлық банкті Қазақстанда бірінші болып іске қосты. Оның 6 филиалы бар: Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және АХҚО-да, сонымен қатар Алматыда қосымша 2 филиалы бар.
Қосымша пікірлер үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ)
Светлана Савенко,
Маркетинг басқармасы
Тел. +7 (727) 356 62 73, (вн. 30 537)
E-mail: Svetlana.Sa@altynbank.kz
“