Altyn Bank және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» шартқа онлайн қол қоюға көшті

“Altyn Bank өз клиенттеріне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен (бұдан әрі – Қор) субсидиялау шарттарына онлайн қол қоюды ұсынған Қазақстандағы алғашқы қаржы институттарының біріне айналды. Енді Қормен үш жақты субсидиялау шартына қол қою үшін Altyn Bank корпоративтік клиенттері қашықтан сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін және электрондық құжаттың дұрыстығын растайтын Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана алады. Бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асырылды.

Банктің корпоративтік клиентінде ЭЦҚ болған жағдайда www.doculite.kz электрондық құжат айналымы жүйесінде барлық тараптың субсидиялау шартын келісу мерзімі 30-дан 3 күнге дейін қысқарады

«Altyn Bank даму стратегиясы цифрлық технологияларды енгізуді және инновациялық қаржы сервистерін ұсынуды қамтиды. Бұл қызмет біздің клиенттерімізге бірқатар артықшылықтар береді: тараптар арасындағы өзара іс-қимыл процесі айтарлықтай жеңілдетіледі, қол қою уақыты мен үстеме шығыстар қысқарады, бұл әсіресе Қазақстанның аймақтарындағы кәсіпкерлер үшін маңызды», – деп атап өтті «AltynBank» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік бизнес және халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Жанарa Айкимбаева.

Altyn Bank корпоративтік клиенттеріне есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, кредиттік шешімдер, спот және форвардтық нарықтардағы әртүрлі қызметтер, банк кепілдіктері, саудалық қаржыландыру, жалақы жобалары, корпоративтік карталар және басқа да өнімдерді ұсынады.

Анықтамалық ақпарат:

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұған дейін «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді. «Altyn Bank» АҚ универсалды коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне қызмет көрсетеді, актив өлшемдері бойынша 13-ші орынға ие, сондай-ақ қазақстандық коммерциялық банктер арасында үздік жоғары рейтингке ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш рет жеке тұлғаларға арнап толық қаржы қызметтерінің спектрі көрсетілген Altyn-i толық сандық банкін ашты. Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және де АХҚО филиалы мен Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.”