“2021 жылғы 25 қаңтарда «Altyn Bank» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ арасында ықтымақтастық туралы келісім жасалды, аталған келесімге сәйкес банк БЖЗҚ-дан бір жолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін уәкілетті оператор болып табылады.
Жақын арада Altyn Bank БЖЗҚ-дан бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға өтініштер қабылдауын бастайды.
Қазіргі уақытта банк пен «БЖЗҚ» АҚ-ның ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүріп жатыр. Әзірлеушілер тобы Altyn-i сандық банкингінде арнайы шот ашуға және онлайн-өтініш рәсімдеуге мүмкіндік ұсынатын жаңа функциялар ашуымен айналысуда. Арнайы шот ашу мүмкіндігі туралы Altyn Bank қосымша хабарландырады. “