«Altyn Bank» АҚ Басқармасына Сhina Citic Bank Corporation Ltd. қытай акционерлерінің өкілдері кірді

“Сhina Citic Bank Corporation Ltd. акционері тарапынан екі өкіл «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасарлары лауазымдарына жайғасты.

«Менің жаңа орынбасарларым – жоғары білікті басқару орнында жұмыс істеушілер, олар банк және қаржы саласында үлкен жұмыс тәжірибелеріне ие. Қазақстанда сенімді және қарқынды дамып келе жатқан шетел банктері ретінде осы тағайындаулар Altyn Bank жайғасымдардың әрі қарай нығаюына қызмет ететіндігіне сенімдімін», – деп Басқарма төрағасы Марат Әлменов белгіледі.

Ху Цэфэн (Hu Cefeng) мырза «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары лауазымына тағайындалған. Қазақстанға көшіп келгенге дейін ол Сhina Citic Bank Corporation Ltd . активтер мен пассивтерді басқару бойынша Департаментте басшы қызметінде болған. Екі жоғары білімі бар: «Халықаралық экономика, сауда мен қаржы» мамандығы бойынша Пекин Шетел Тілдер Университетінің дипломы, сонымен бірге Қытай Халық Университетінің іскерлік әкімішіліктегі магистр дәрежесіне ие.

Цзя Фэй (Jia Fei) мырза «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымына тағайындалған. Жаңа тағайындалуға дейін Сhina Citic Bank Corporation Ltd. Қаржы және бухгалтерлік есеп Департаментін басқарған. Пекиндегі ғылым және техника университетінің бизнес – басқарудың доктор дәрежесіне ие. Altyn Bank-те Цзя Фэй мырза операциялық – қаржы блогына жетекшілік ететін болады.

Анықтамалық ақпарат:

CITIC (China International Trust and Investment Corporation) Қытайдың ірі ұлттық инвестициялық корпорацияларының бірі болып табылады. CITIC негізгі мақсаты шетел капиталын тарту мен пайдалануға, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге және өзінің операциялық қызметі мен басқарылуында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені пайдалануға қорытылған. CITIC Group 44 еншілес ұйымдарға ие, оның ішіне CITIC Bank та кіреді. CITIC Bank-тың негізі 1987ж. құрылған. CITIC Bank Қытайда, Гонконгте және өзге елдерде ірі корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға әртүрлі банк өнімдерін және қызметтерін ұсынады.

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұрын «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеді. «Altyn Bank» АҚ әмбебап коммерциялық банк болып табылады және корпоративтік және жекелеген клиенттерге қызмет көрсетеді, активтерінің мөлшері бойынша 14-ші орынды алады және қазақстанның коммерциялық банктерінің арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтерінің толық спектрі бар алғашқы Altyn-i толық бағалы сандық банкті іске қосты. 4 бөлімшесі – Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматыда 2 қосымша бөлімшесіне ие.

Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрқашан бізге хабарласа аласыз:

АО «Altyn Bank» (ДБ China CITIC Bank Corporation Limited)

Екатерина Купреева,

Маркетинг басқармасының басшысы

Тел.: +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)

Моб. + 7 (702) 18 16 127

E-mail: Ekatrina.K@altynbank.kz”