“Сіздерді келе жатқан Жаңа Жыл Мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жылда зор денсаулық, амандық, табыстар тілейміз!
Мереке күндеріне байланысты Altyn Bank өзінің келесі жұмыс уақытын хабарлайды. 2020 ж. 31 желтоқсанда Банктің құжат қабылдауы мен жұмыс кестесі:
Клиенттерді қабылдау және қолма-қол, ақшалай қызмет көрсету барлық филиалдарда /Банк бөлімшелерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Ақшалай аударымдар және шетелдік валюта аударымдары бойынша арыздар Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 14:00-ге дейін қабылданады.
Жылдың жабылуы бойынша іс-шараларға байланысты, cізге келесі сервистердің уақытша қолжетімсіз екендігі туралы хабарлаймыз:
29.12.2020 ж. сағат 18:00-ден бастап 02.01.2021 ж. сағат 9:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)
«Золотая Корона» төлем жүйесі арқылы аударым жасау
«MoneyGram» төлем жүйесі арқылы аударым жасау және қабылдау
31.12.2020 ж сағат 14:00-ден бастап 05.01.2021 ж. сағат 9:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)
депозитті мерзімінен бұрын жабу
несие картасын жабу
несие карталарының лимитін өзгерту
несиелік картаны ашу
несиені толық мерзімінен бұрын өтеу
Мереке күндері осы, ақпараттарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Бізбен бірге болғаныңызға алғыс білдіреміз және Жаңа жылда баршаңызға керемет көңіл күй, барлық бастамаларыңызға шабыт, күш-қуат тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Altyn Bank”