“Төтенше жағдайдың енгізілуіне және карантинге байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларындағы AltynBank филиалдары мен барлық бөлімшесі жабылды.
Физикалық тұлғалар үшін:
Сіздерге қызмет көрсету үшін Altyn-i сандық банкингі, 24/7 онлайн режимінде банктік сервистердің кең тізімі ұсынылады. Қолма-қол ақшаны алу үшін Сіз кез келген банктің банкоматын пайдалана аласыз. Карталарды толтыру cash-in-банкоматтары және Halyk Bank терминалдары арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар үшін:
Банктік қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша кәсіби кеңес алу үшін корпоративтік сервистің жеке менеджеріне телефон арқылы хабарласуды немесе customerservice@altynbank.kz адресіне сұрау салуды сұраймыз.
“