ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі теңгелік салымдарды ұстаушылар үшін сыйлықақы төлейді

“Құрметті клиенттер!

 

Сыйлықақы бағдарлама іске асырыла бастағаннан 12 ай өткен соң 23.02.2022 жылғы жағдай бойынша салымдағы сома қалдығының 10% мөлшерінде, ал салымды ішінара алып қойған жағдайда – алып қойғаннан кейінгі ең төменгі қалдықтан 2023 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзімде қоса алғанда 1 рет есептелетін болады.

Сыйлықақыны есептеу үшін міндетті шарт – салымды оның мерзімінің соңына дейін 2023 жылғы 24 ақпанға дейін, яғни кемінде 12 айға дейін сақтау болып табылады. Егер сіздің салымыңыздың мерзімі 2023 жылғы 24 ақпанға дейін аяқталса, Банктің Байланыс орталығына мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 356 57 77; және сыйлықақы төлеу жөніндегі бағдарламаға қатысу үшін сіздің салымыңызды ұзартуға өтініш ресімдеу үшін WhatsApp +7 771 330 57 77.

Сыйлықақы төлеу жөніндегі бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі салымдарға және шартты салымдарға (оның ішінде депозиттер-кепілдіктер) қолданылмайды.

Салымшыда бірнеше салым болған жағдайда, сыйлықақы әрбір салымға есептеледі, бірақ 20 млн. теңгеден аспайды, сыйлықақының ең жоғары мөлшері – 2 млн. теңге

Сыйлықақыға салық салынбайды.

Сыйлықақы алудың тәсілдері мен мәліметтері туралы (оның ішінде резидент еместер үшін салық) біз уәкілетті органдардың келісуінен кейін хабардар етеміз.

Жаңалықтарды бақылаңыз!”