Құрметті Клиенттер!
Өтемақы 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша қолданыстағы өтелетін депозиттер бойынша сол депозиттің 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін сақталуымен төленеді.
Өтемақы талап етуге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер және ағымдағы банк шоттары бойынша төленбейді.
Өтемақы алудың міндетті шарты болып депозитті 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақтау табылады. Автоматты түрде ұзартылмайтын депозиттер Банкпен келісім-шарт талаптарына сәйкес, Қағидалардың талаптарына сай ұзартылады.
2022 жылғы 23 ақпандағы операциялар жүргізетін күннің аяғында қолданыстағы, мерзімі біткен және 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 қазанды қоса алғандағы кезеңде ұзартылмаған депозиттегі ақша салымшының келісімімен кемінде 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы мерзімге жаңа депозитке орналастырылады, бұл ретте келесі шарт орындалуы тиіс: 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялар жүргізетін күннің аяғында қолданыста болған депозит мерзімі біткеннен кейін және жаңа депозитке орналастырылғанға дейін ақша:
депозитормен (салымшымен) алынбаған;
шетел валютасына айырбасталмаған.
Өтемақы 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей Қағидалармен келісетінін өтініш арқылы растаған депозиторларға (резиденттерге және бейрезидентге) төленеді. Келісім беру туралы өтінішті филиал бөлімшелерінде немесе Altyn-i сервисінің жеке кабинетінде талап етілген үлгіде беруге болады. Келісім беру туралы өтініш бермеген депозиторларға өтемақы төленбейді.
Өтемақы келесідей есептеледі:
– 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін депозиттен ақша ішінара алынбаса – 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялар жүргізетін күннің аяғында депозитте бар сома ретінде, бірақ 10% (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден артық емес;
– 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы кезеңде депозит толтырылса, одан ішінара ақша алынса, өтемақы есептеу 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы кезең үшін операциялар жүргізетін күннің аяғындағы депозиттегі ең төменгі қалдық сома мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ 10% (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден артық емес.
– жаңа өтелетін депозит ашылса (егер өтелетін депозит мерзімі бітсе және 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2022 жылдың 01 қазаны аралығында ұзартылмаса), өтемақы есептеу кезінде өтелетін депозиттің біту күнінен бастап жаңа өтелетін депозит жасау күніне дейінгі кезең үшін операциялар жүргізетін күн ішінде тіркелген ең төмен қалдық есепке алынады.
Депозиторға өтемақы төлеу әр банкте 20 000 000 (жиырма миллион) теңге шегінде 2022 жылғы 23 ақпанда операциялар жүргізетін күннің аяғында қолданыста болған депозиттегі ақша сомасында жүзеге асырылады.
Депозитордың бір банкте бірнеше депозиті болса, өтемақы сондай банктегі депозиттерде жалпы сомасы 20 000 000 (жиырма миллион) теңге шегінде төленеді, сыйлықақының ең жоғары мөлшері 2 (екі миллион) теңгені құрайды.
Депозит 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде толық алынса, мерзімінен бұрын жабылса, өтемақы төленбейді.
Өтемақы ағымдағы шоттарға өтемақы төлеуге бөлінген қаражат алынғаннан кейін аударылады.
Қағидалар https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14131971 сайтында орналастырылған.
Өтемақы төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына +7 727 356 57 77 және WhatsApp +7 771 330 57 77 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.