Юаньдегі жылдам аударымдар: Altyn Bank-тен жаңа онлайн қызмет

“Altyn Bank SWIFT жүйесі арқылы юаньдегі онлайн аударымдар қызметін іске қосты. Бұл қызмет Altyn-i сервисінде қолжетімді.

 

Енді Altyn-i сандық банкінің клиенттері мобильді қосымша арқылы қолайлы тарифтер бойынша юаньде онлайн аударымдар жасай алады. Altyn-i халықаралық аударымдар қызметінің артықшылығы аударым бойынша комиссия белгіленген сомада төленетіні болып табылады. Аударым сомасына қарамастан, ең жоғары төлем алты мың теңгені құрайды. Оған корреспондент банктердің барлық комиссиялары қосылған, алушыға аударымның толық сомасы түседі. Қызмет 24\7 қолжетімді.

 

Юаньдегі аударымдарды Altyn Bank-тың UnionPay төлем карталарын ұстаушылары жасай алады. Банктік операциялары небары бірнеше минутта жүргізіледі. Ол үшін Altyn-i сандық банкінде «Халықаралық аударымдар» бөліміне кіріп, алушының қажетті деректемелері мен аударым сомасын жазу қажет.

 

Altyn Bank-тың UnionPay халықаралық төлем жүйесінің картасы сондай-ақ Altyn-i сандық банкінде онлайн түрінде шығарылады. Клиент атану үшін мобильді қосымшаны жүктеп, жүйеде көрсетілген деректемелерді толтырып, биометрикалық тексеруден өту қажет.

«Карталар» бөлімінде клиент UPI төлем картасының қажетті нұсқасын таңдай алады: Platinum немесе Diamond. Карта үш күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша жеткізіледі. Аударым жасау үшін пластик картасын күтудің қажеті жоқ. Клиент картаның электронды баламасын толықтырып, ақшаны жолдай алады.

 

Altyn-i клиенттеріне SWIFT жүйесі арқылы сондай-ақ евро, АҚШ доллар, фунт стерлинг сияқты шетел валюталарында онлайн аударымдар қолжетімді болып табылады. Бүгінгі таңда SWIFT аударымдары әлемнің кез келген жеріне халықаралық ақша аударымдарын жасау үшін ең ыңғайлы әрі қауіпсіз жүйе болып табылады.

 

«Біз Altyn-i сандық банкін белсенді түрде дамыту үстіндеміз. Бүгін біздің клиенттерге шотты ашу мен карта шығарудан бастап халықаралық аударым жолдау немесе кепілсіз несие алуға дейін 100 астам қаржылық онлайн қызмет қолжетімді. Юаньдегі аударымдар көптеген сұраныстарға ие болды, сондықтан біз бұл қызметті клиенттерімізге жедел ұсынатын болдық. Жуық арада юаньдегі ағымдағы шоттар ашуын іске қосуды және халықаралық аударымдар тізімін Канада долларындағы аударымдармен толықтыруды жоспарлап отырмыз»,- деп Altyn-i сандық банкі Департаментінің директоры Динара Абдыкулова мәлімдеді.

 

Сонымен қатар Altyn-i сандық банкінің клиентеріне халықаралық аударымдардың басқа да ыңғайлы қызметтері қолжетімді: MoneyGram және Золотая Корона. Бұл төлем жүйелері алушының аты-жөні, оның телефон нөмірі мен мекендеу қаласынан басқа, шот нөмірі туралы ақпаратсыз және өзге деректемелерсіз аударымдар жасауға мүмкіндік береді. Қосымша ретінде Altyn-i сервисінде MoneyGram кіріс аударымды онлайн есепке алу қызметі қолжетімді болып табылады.”