Маңызды ақпарат!

Соңғы уақытта банк клиентіне банктің колл-орталығының нөміріне ұқсас нөмірден қоңырау шалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Қаскүнем колл-орталықтың немесе банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырады және төлем картасы бойынша жүргізілген санкцияланбаған операция туралы хабарлайды. Операцияны болдырмау үшін, алаяқ төлем картасының деректемелерін (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV/CVC-коды және SMS-хабарламадағы кодтар) хабарлауды сұрайды.

Назар аударыңыз! Банк қызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды. Клиентпен сөйлескен кезде банк қызметкері карточкалық шотты рәсімдеген кезде шартта көрсетілген аты-жөнін, туған күнін және код сөзін ғана сұрай алады. Банк барлық қажетті ақпаратқа ие және ешқашан, ешқандай жағдайда телефон арқылы қоңырауларды, кодтар, құпиясөздер, шот нөмірлері немесе төлем карталарының деректемелерін беру туралы өтінішпен телефонмен қоңырау шалуды, электрондық хаттарды, электрондық хабарламаларды таратуды жүзеге асырмайды.

Күдікті қоңырау шалынған жағдайда біздің байланыс орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (727) 330-57-77, +7 (727) 35-65-777, жеке кабинет арқылы кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге немесе +7 (771) 330 57 77 нөмірі бойынша WhatsApp қызметіне жазуға болады.

Altyn Bank алаяқтықтың алдын алу және ескерту мақсатында келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

1. SMS- хабарламадан түскен кодты (құпиясөзді) ешкімге, оның ішінде өзін банк қызметкерімін деп ұсынған тұлғаға хабарламаңыз.

2. Сенімді нөмір ретінде (соның ішінде банкомат арқылы) бөтен ұялы телефон нөмірін қоспаңыз.

3. Сіздің төлем картаңыздың деректемелерін: нөмірін, қолданылу мерзімін және CVV/CVVV (картаның артқы жағындағы 3 таңбалы код) ешкімге хабарламаңыз.

4. Күдікті қоңырау шалғанда (тіпті банктің байланыс орталығының нөміріне ұқсас нөмірлерден) дереу сөйлесуді тоқтатып, Банктің төлем картасының кері жағында көрсетілген телефон нөмірі бойынша болған оқиға туралы хабарлау қажет.

Карта деректемелерін және SMS-кодтарды үшінші тұлғаға берген жағдайда ақша қаражаты ұрлануы мүмкін.