“Құрметті Клиент!
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) (бұдан әрі – Банк) Сізді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Сізге денсаулық пен құт-берекет тілейміз!
2022 ж. 1-қаңтарынан 2022 ж. 4-қаңтарына дейін (қоса алғанда) Қазақстан Республикасында мерекелік демалыс күндері болғанына байланысты көрсетілген мерзім ішінде Банк қызметтер көрсету үшін жабық болады.
2021 ж. 31-желтоқсандағы Банктің жұмыс уақыты туралы хабардар болыңыз:
Банктің бөлімшелерінде кассалық операциялар мен клиенттерге қызмет көрсету Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00 дейін жүзеге асырылады;
Теңге төлем тапсырмалары мен шетел валютасындағы* аударымдар бойынша өтініштер, валюта айырбастау, мерзімдік депозиттер ашу өтініштері және басқа қағаз нұсқаулары Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:00 дейін қабылданады.
*экзотикалық валютадағы (AED, AUD, CNY, SEK, HKD, JPY) төлем нұсқаулары 2021 жылдың 20- желтоқсанына дейін қабылданады.
*Ресей рубліндегі төлем нұсқаулары 2021 ж. 30 желтоқсанына дейін қабылданады. Сондай-ақ ресей рубліндегі төлем нұсқаулары 2022 ж. 10 қаңтарынан бастап орындауға қабылданғанын хабарлаймыз.
2021 ж. 30, 31-желтоқсанында Банктің кассаларынан 3 000 000 теңгеден, 10 000 АҚШ долларынан, 2 000 Евродан (басқа валюталарда баламасы 2 000 Евродан аса) асатын қолма-қол ақша алу операцияларын жүзеге асыру үшін 3 (үш) жұмыс күн алдын ала тапсырыс беру тиіс екеніне назарыңызды аударамыз.
Алдын-ала тапсырыс болмаған жағдайда, Банк қолма-қол ақша беруден бас тартуға немесе қосымша комиссия ұстап қалуға құқылы.
Жылдың жабылуына байланысты, болашақ валюталау күнімен 2022 жылға көшетiн төлемдерден тартынуларыңызды сұраймыз.
Ай сайынғы комиссиялар 2021 ж. 29-желтоқсанында өтеп алынады.
2021 ж. 31-желтоқсан күнгі Altyn Online жүйесіндегі үзінді көшірмелері 2022 ж. 5-қаңтарында қолжетімді болады. 2021 жылдың 31-желтоқсанына дейінгі (осы күнді есептемегенде) Altyn Online жүйесінде үзінді көшірмелерін қалыпты жұмыс уақытында қолжетімді.
2022 ж. 5-қаңтарынан бастап Банк қалыпты жұмыс уақытында жұмыс істейтін болады.
Жаңа жыл мерекелік күндері төлем және басқа да банктік қызметтерді кідіріссіз көрсету мақсатында жоғарыдағы ақпаратқа сәйкес компанияңыздың операциялық қызметін жоспарлауыңызды сұраймыз.
Сізге ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіріп, түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз!
Келе жатқан Жаңа жылда сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен, Altyn Bank”