“«Егер Сіз Банктің клиенті болсаңыз:
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету мәселелері бойынша – корпоративтік сервистің жеке менеджеріне телефон арқылы хабарласуларыңызды немесе customerservice@altynbank.kz адресіне өтінім берулеріңізді сұраймыз.
Басқа мәселелер бойынша – корпоративтік клиенттермен өзара қарым-қатынас жөніндегі жеке менеджеріңізге (RM) телефон немесе электронды пошта арқылы хабарласуыңызды немесе rm@altynbank.kz адресіне өтінім берулеріңізді сұраймыз
Егер сіз коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу бойынша төлемді кейінге қалдыру үшін жүгінгіңіз келсе, Сізге Банкке өтініш беру себебін баяндай отырып (еркін форматта) өтінішпен жүгіну қажет.
Банк Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 26.03.2020 жылғы «Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы» № 167 бұйрығына сәйкес, келесі шарттардың бірін сақтай отырып қарайды:
1) Сіздің компанияңыз Тәртіптің қосымшасына сәйкес экономика салаларындағы қызметті жүзеге асырады;
2) Сіздің компанияңыздың қаржылық жағдайы нашарлап кетті, бұл өткізілген тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуімен, кідірістермен, тоқтата тұрумен, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін ауыстырумен (тоқтата тұруды), қызметкерлердің штат санының қысқаруымен немесе төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңінде басқа да объективті себептермен расталады. Бұл ретте, Банк қосымша растайтын құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
Сіздің Өтінішіңіз Банкке өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
Осы мәселе бойынша қосымша кеңес алу қажет болған жағдайда, корпоративтік клиенттермен өзара қарым-қатынас жөніндегі жеке менеджеріңізге (RM) телефон немесе электронды пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Егер Сіз Банктің клиенті болғыңыз келсе және қызығушылық танытсаңыз:
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету мәселелері бойынша customerservice@altynbank.kz адресіне өтінім берулеріңізді сұраймыз;
Кредиттеу мәселесі бойынша rm@altynbank.kz электронды адресіне өтінім (кері байланыс үшін байланыс деректері бар хабарлама) жіберуіңізді сұраймын, Сізбен корпоративтік клиенттермен өзара қарым-қатынас жөніндегі жеке менеджер (RM) міндетті түрде хабарласады.
“