“«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) Қазақстанның ең табысты 5 банктің қатарына кіре отырып, 2015 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша негізгі бизнес-көрсеткіштердің сенімді өрлеу қарқынын көрсетті. 2015 жылдың 1 қазанына активтер мен меншікті капитал көлемі бойынша Қазақстанның 35 банкі арасында, жылдың басынан бері сәйкесінше 7-ші және 4-ші сатыға көтеріліп, 14-ші және 15-ші орынға ие болып отыр.
Таза табыс – 2015 жылдың 1 қазанына 5.7 млрд. теңге, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық.
Банк активтері жылдың басынан бері 111%-ға өсіп 288 млрд. теңгені құрады. Активтер көлемі бойынша Банк жылдың басынан 7 сатыға көтеріліп 14-ші орынға ие болды.
Клиенттердің депозиттері 127%-ға өсіп 224,2 млрд. теңгеге жетті.
Несиелер жылдың басынан бері 38%-ға өсіп 75.9 млрд. тенгені құрады, Онымен қатар заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі жыл басынан бері 77%-ға өсті.
Меншікті капитал 21%-ға өсіп 33,1 млрд. теңгені құрады. Меншікті капитал мөлшері бойынша жылдың басынан бері 4 сатыға көтеріліп, 15-ші орынды алып отыр.
Орташа меншікті капиталдың қайтарымы (RоAE) – жылдық 19.0% құрады.
Орта активтерінің қайтарымы (RоAA) жылдық 3.42% құрады.
Коэффициент NPL 90+ на 01.10.2015 года составляет 4,38%, снизившись по сравнению с началом года на 0,39%
Таза пайыздық маржа – жыл басынан бері 1.07%-ға ұлғайып жылдық 4.16%-ды құрады.
«Altyn Bank» АҚ енді Facebook және Instagram секілді әлеуметтік желілерде белсенді қатысуда. 2015 жылдың маусым айынан бастап 5 айдың ішінде Банктің Facebook жазылушылар саны 13 700-ге дейін, ал Instagram жазылушылар саны 4 700-ге дейін өсті.
Nur.kz ұсынған «Народный рейтинг банков» жобасында «Altyn Bank» АҚ 1-ші орында тұр.
Банк Атырау және Ақтау қалаларында ипотекалық несиелеуді қайта бастады. Осыған қоса ипотека бойынша несиелеу мерзімі 15 жылдан 20 жылға ұзартылды.
2015 жылдың маусым айында «Эйр Астана» ұлттық авиатасымалдаушымен қоса Altyn Bank Nomad Club ко-брендтік несие карточкалары қайта жаңғыртылды. Клиентке небәрі Altyn Bank Nomad Club несие карточкасын ашып POS-терминал арқылы кез келген сомаға төлем жасаса болғаны, банк оған 15 000 бонустық Nomad Club ұпайларын сыйға таратады. Мұнымен шектелмей, кез келген тауар немесе қызметті аталған карточкамен есеп айырысқанда, төленген әр 100 теңге үшін 1 Nomad Club ұпайы есепшотқа түсіп отырады.
Банк Cisco платформасында жаңа Контакт-центрді енгізді. Сол арада, өз есепшотыңыздың теңгерімін ыңғайлы әрі тез біліп отыруға арналған PhoneBanking қызметі іске қосылды.
«Altyn Bank» АҚ (“”Қазақстан Халық Банкі”” АҚ ЕБ), бұдан бұрын – АҚ ЕБ «HSBC Банк Казақстан», Казақстан қаржы нарығында 1998 жылдан бастап жұмыс істеуде, жеке және заңды тұлғаларға кең көлемде қызмет көресететін әмбебап әрі коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында бөлімшелері бар.
«Altyn Bank» АҚ-ның ұлттық және шетел валютасы бойынша эмитент дефолтына «ВВ» деңгейінде Fitch Ratings тағайындаған ұзақ мерзімді рейтингі бар. Altyn Bank-тің рейтингі Қазақстандағы жекеменшік банктердің рейтингтерінің арасында ең жоғарғы орында екенін және иегер банкі «Қазақстан Халық банкінің» рейтингімен қатарлас екендігін айта кеткен жөн.”