Ақтау қаласындағы AltynBank филиалы жаңа мекенжайға қоныс аударды

“Ақтау қаласындағы AltynBank филиалы 2020 жылдың 13 мамырынан бастап жаңа мекенжайға орналасатынын қуана хабарлаймыз.

Заманауи дизайнмен жасақталған жаңа, кең кеңседе біздің клиенттерімізге ыңғайлы жағдайлар жасалған.

Altyn-i цифрлық банк аймағында барлық қаржылық қызметтерді өз бетінше пайдалануға болады. Біздің менеджерлер Altyn-i-ға тіркеуден және дебет картасын шығарудан бастап, халықаралық валюта аударымын жібергенге немесе кепілсіз кредит алғанға дейін қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

AltynBank корпоративтік клиенттеріне корпоративтік қызмет көрсетуге арналған жеке тарифтік жоспарлар, кредиттік шешімдер, спот және форвардтық нарықтарда түрлі қызметтер, банк кепілдіктері, жалақы жобалары және корпоративтік карталар ұсынады.

AltynBank статусты клиенттеріне ерекше назар аударады. Privatebanking Status бөлімшесінде кез келген іскерлік мәселелерді талқылау үшін жайлы жағдай жасалды.

Клиенттердің қызметтеріне ең жоғары деңгейдегі жеке қызмет көрсету, сақтандыру және инвестициялық өнімдер, бірегей артықшылықтар бағдарламасы ұсынылады.

Сіздерді жаңа мекенжайда қуана күтеміз:

Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., R00D3D9, 4-шағын аудан, 73-үй.”